Кәдімгі еркекқырыққұлақ

Кәдімгі еркекқырыққұлақ (Pteridium aquilinum) — улы, көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамыры ұзын, жайылған. Биіктігі 50-100 см. Жапырағы екі қатарда орналасқан, жылына 1 рет өсіп, дамып отырады. Олар екі-үш жерден тарамдалып бөлінген. Сағағы ұзын, жуан. Спорангийі үздіксіз, спорасы қоңырқай. Облыстың Амангелді шұратында, алебастр зауытының маңындағы орманда өседі. Сирек кездесетін өсімдік. Шілде-тамызда жетілетін спораларымен көбейеді.[1]

Кәдімгі еркекқырыққұлақ

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Қырыққұлақтәрізділер
Табы:Pteridopsida
Сабы:Dennstaedtiales
Тұқымдасы:Dennstaedtiaceae
Тегі:Pteridium
Түрі:P. aquilinum
Екі-есімді атауы
Pteridium aquilinum
(L.) Kuhn
Кәдімгі еркекқырыққұлақ

Дереккөздер