Курил аралдары

Курил аралдарыОхота теңізі мен Тынық мұхит аралығындағы аралдар тізбегі. Ресей Федерациясының Сахалин облысы аумағында, Камчатка түбегіндегі Лопатка мүйісінен Хоккайдо аралына дейін 1200 км-ге созылған. Біршама ірі 36 және 20-дан астам ұсақ аралдардан, көптеген жартастардан тұрады. Жалпы ауданы 15,6 мың км². Курил аралдары – Үлкен және Кіші Курил қырқаларының су бетіне шығып жатқан бөлігі. Кіші Курил қырқасы Тынық мұхиттағы Витязь су асты жотасына ұласады. Үлкен Курил қырқасының аралдары, негізінен, жанартау әрекетінен пайда болған. Әр арал жеке жанартаудан, немесе табандары бір-бірімен тұтасып кететін жанартаулар тізбегінен тұрады. Орташа биіктігі 500-1000 м. Ең биік жері – Атласов аралындағы Алаид жанартауы (2339 м). Кіші Курил қырқасының аралдары аласа. Курил аралдарында 160-қа тарта жанартау бар, оның 38-і әрекетті. Жиі қайталайтын зілзалалар аса биік жойқын толқындарды – цунамиді туғызады. Климаты муссондық, қоңыржай салқын. Ең суық ақпан айының орташа температурасы –7°С. Тамыздың орташа температурасы солтүстікте 10°С-тан оңтүстікте 17°С-қа дейін, жылдық жауын-шашын 600–1000 мм аралығында. Өзендерінің суы мол, көлдері көп. Солтүстікте тау тундрасы және жатаған самырсын мен қандыағаш бұталары таралған. Оңтүстік аралдарда бамбук тоғайлары, аралас және жалпақ жапырақты ормандар өседі. Балық аулау кәсіпшілігі, балық өндеу өнеркәсібі бар. Кунашир аралында қорық орналасқан. Басты елді мекендері: Курильск, Солтүстік Курильск. Жапония мемлекеті оңтүстіктегі 4 аралға (Итуруп, Кунашир, Шикотан және Хабомаи) иелікке таласуда. Өйткені, бұл аралдарды КСРО мемлекеті 1945 ж. өзіне күшпен қосып алған.

Курил аралдары
орыс. Курильские острова
Сипаттамасы
Аралдар саны56
Ірі аралыИтуруп
Жалпы ауданы10 500 км²
Ең биік нүктесі2339 м
Тұрғындар (2018 жыл)20 517 адам
Халық тығыздығыАйтылым қатесі: Күтілмеген оператор < адам/км²
Орналасуы
46°30′ с. е. 151°30′ ш. б. / 46.5° с. е. 151.5° ш. б. / 46.5; 151.5 (G) (O) (Я) 151°30′ ш. б. / 46.5° с. е. 151.5° ш. б. / 46.5; 151.5 (G) (O) (Я) (T)
Архипелагты шаятын акваторияларОхота теңізі, Тынық мұхит
Ел Ресей
АймақСахалин облысы
Курил аралдары (Ресей)
Курил аралдары
Курил аралдары Ортаққорда

Курил аралдарының тізімі

Курил аралдарының орналасуы
Атласов аpaлдары
Онекотан
АтауыАуданы,
км²
Максималды
биіктігі, м
ЕндікБойлық
Үлкен Курил тізбегі
Солтүстік топ
Атласов150233950°52'155°34'
Шумшу38818950°45'156°21'
Парамушир2053181650°23'155°41'
Анциферов774750°12'154°59'
Маканруши49116949°46'154°26'
Онекотан425132449°27'154°46'
Харимкотан68115749°07'154°32'
Чиринкотан672448°59'153°29'
Экарма30117048°57'153°57'
Шиашкотан12293448°49'154°06'
Ораңғы топ
Райкоке4,655148°17'153°15'
Матуа52144648°05'153°13'
Расшуа6794847°45'153°01'
Ушишир5388
Рыпонкича1,312147°32'152°50'
Янкича3,738847°31'152°49'
Кетой73116647°20'152°31'
Симушир353153946°58'152°00'
Броутон780046°43'150°44'
Чёрные Братья37749
Чирпой2169146°30'150°55'
Брат-Чирпоев1674946°28'150°50'
Оңтүстік топ
Уруп1450142645°54'149°59'
Итуруп3318,8163445°00'147°53'
Кунашир1495,24181944°05'145°59'
Кіші Куриль тізбегі
Шикотан264,1341243°48'146°45'
Полонский11,571643°38'146°19'
Жасыл58,722443°30'146°08'
Танфильев12,921543°26'145°55'
Юрий10,324443°25'146°04'
Анучин2,353343°22'146°00'

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Kuril Islands