Конкомба

Конкомба (бекпокпам, кокомба, комба, коквамба, пангпана, бассари, тоботе)[1]Гананың солтүстік аймақтары мен Тогодағы Оти өзенінің жоғарғы ағысында тұратын халық.[2]Жалпы саны 300 мың адамды құрайды. Ганада 200 мың адам, Тогода 100 мың адам.[3]Туыстас халықтар: бассари, гурма, дагомба, касена. Келесі субэтникалық топтарға бөлінеді: бемокпим, бечабоб, бегбим, бенафиаб, беквом, т.б.

(бекпокпам, кокомба, комба, коквамба, пангпана, бассари, тоботе)
Конкомба
Бүкіл халықтың саны

300 000

Ең көп таралған аймақтар
 Гана

200 000

 Того

100 000

Тілдері

конкомба тілі

Діні

дәстүрлі нанымдар

Тілі

Тілі - конкомба тілі. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Сонымен бірге Ганада чви, хауса және ағылшын тілдері, Тогода басари және француз тілдері де таралған.[4]

Діні

Көбінесе дәстүрлі нанымдарды ұстанады, шамамен 15% христиандар (католиктер мен протестанттар, англикандар, пресвитериандар), сүнниттік мұсылмандар да бар.[5]

Кәсібі

Дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (ямс, тары, құмай, күріш, жүгері, бұршақ дақылдары), мал шаруашылығы, аңшылық және балық аулау. Қолөнерден – ұсталық, керамика, тоқу, тоқымашылық дамыған.[6]

Өмір салты

Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізін ауыл қауымдары, көп балалы отбасылар, патрилиндік рулар және жас топтары құрайды. Неке қонысы вирилокальды, полигиния кең таралған.Негізгі фольклорлық жанрлар – әндер, ертегілер, мақал-мәтелдер.

Олар конустық шатыры сабанмен жабылған дөңгелек ағаш үйлерде тұрады.

Ерлер жеңі қысқа ұзын жейде (ақ немесе ақ-қара жолақ), әйелдер белбеулі белдемше киеді.

Негізгі тағамы - жарма және бұқтырылған ботқа, балық, сүт, ет пайдаланады.[7]

Дереккөздер