Конкандар

Конкандар (өз атауы; конкни, Махараштрада - кокни, Карнатакада - конгни) — Үндістанның солтүстік-батысындағы халық.[1]Жалпы саны 2,5 миллион адам. (2001), оның ішінде шамамен 34%-Гоада, 40%-Карнатакада, 17%-Махараштрада, 3,6%-Кералада тұрады. Сонымен қатар 150 мыңға жуық адам Пәкістанда (Карачи), Парсы шығанағы елдерінде, оңтүстікте және Шығыс Африкада, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Канадада, Австралияда (Мельбурн) т.б. елдерде тұрады.[2]

Конкандар
конкни, кокни, конгни
Бүкіл халықтың саны

2,5 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Үндістан

Тілдері

конкан тілі

Діні

христиандық, индуизм, суннизм

Тілі

Олар үнді-еуропалық отбасының үнді-арий тобының конкан тілінде сөйлейді.[3]

Діні

Дәни ұстанымдары: христиандар (Гоа, Мангалор), негізінен католиктер, протестанттар да бар. Индуистер (Гоа, Махараштра, Карнатака, Керала), сүнниттік мұсылмандар, (Махараштра, Карнатака).[4]

Кәсібі

Конкандар дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығымен айналысады, олардың арасында бұл шаруашылық саласы өте жақсы дамыған. Ауыл шаруашылығының негізін күріш, жүгері, тары, бидай, бау-бақша және бақша дақылдарын өсіру құрайды. Сонымен қатар мал шаруашылығы да дамыған. Конкандар малды сүті үшін ұстайды. Халық арасында ең көп тараған қолөнер түрлері ағашпен, таспен, піл сүйегімен жұмыс жасау, тоқу, металл өңдеу. Конкандардың кейбірі үйреншікті тіршілігін тастап, қалаға қоныс аударып, өнеркәсіп саласында жұмысқа орналасқан.[5]

Өмір салты

Ауылдары ретпен орналасқан. Конкандарға жалпы алғанда, материалдық мәдениеттің жоғары деңгейі тән. Үйлер кірпіштен немесе балшық пен тастан салынған. Тіпті онша бай емес конкандар да берік үйлерде тұрады. Төбесі жабынқышпен жабылған.

Конкандық ер адамдар көйлек, күрте, шалбар немесе оларды ауыстыратын дхоти киеді (төменгі денеге оралған мата жолағы). Басына сәлде киеді. Әйелдер сари киеді (дхотиге ұқсас үнді киімдері).[5]

Дәстүрлі тағамдарға балық, шошқа еті, карри соусы қосылған тауық тағамдары (кокос шырынын пайдаланады) және күріш кіреді.

Дереккөздер