Сазгер

(Композитор бетінен бағытталды)

Сазгер, композитор (лат. compositor — құрастырушы) — музыкалық шығармалардың авторы.[1] Бұл термин алғаш рет 16-ғасырда Италияда кең пайдаланыла бастады және сол кезден бастап, батыс еуропа музыка мәдениетінің тәжірибелерінен туындаған "кәсіби жазба дәстүрінің" бейнесі ретінде қабылданады. Композиторлық мамандық музыкалық-шығармашылық қабілеттілікті және композицияны арнайы оқуын талап етеді.[2]

Композитор Ричард Леверидж

Қызықты деректер

Композитор Вольфганг Амадей Моцарт
  • Жазушы және дипломат А. С. Грибоедов өз заманында өзінің екі-ақ музыкалық шығармасымен әйгілі болды: ми-минор[3] және ля-бемоль[4] вальстері.
  • Композитор Чюрлёнистің өмірі есі ауысқандарға арналған жекеше клиникада аяқталды.
  • Композитор Игнацы Ян Падеревский кезінде Польша премьер-министрі болған, Верди депутат болса, Берлиоз бен Вагнер революцияларда қатысқан.
  • Кеңес композиторларының арасынан "Социалистік еңбек ері" атағын алғандары да бар, мысал ретінде Кабалевскийді алуға болады.
  • Әйгілі орыс композиторы Альфред Шнитке өзінің соңғы 8 жылында 3 рет инсульт болып ауырған, бірақ төртіншісін көтере алмай қайтыс болады.
  • Композитор Джон Кейдж өзінің «4′33″» пьесасымен әйгілі болған — «төрт минут отыз үш секундтық тыныштық» атты бірде-бір нота шырқалмайтын үнсіз пьеса.

Дереккөздер