Киото

Киото (жапон. 京都 Kyōto-shi) — Жапонияның үкіметінің жарлықтары бойынша белгіленген қала; халқы шамамен 1,5 млн адам. Хонсю аралының орталығында, Кансай регионының орталығында орналасқан. Киото префектурасының орталығы болып келеді.

Жапонияның белгіленген қалаларының бірі
Киото
жапон. 京都市

Үстінен астыға, сол жақта оңға: То-дзи, қазіргі Киотодағы Гион мацури, Фусими Инари храмы, Киотоның Императорлық сарайы, Киёмидзу-дэра, Кинкаку-дзи, Понто-тё пен Майко аудандары, Гинкаку-дзи храмы, Киото қаласының орталығы, Киото мұнарасы
ТуЕлтаңбасы
ТуЕлтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Жапония

Префектура

Киото

Ауданы

827,83 км²

Мэр

Даисаку Кадокава

Тарихы мен географиясы
Координаттары

35°01′00″ с. е. 135°45′00″ ш. б. / 35.01667° с. е. 135.75000° ш. б. / 35.01667; 135.75000 (G) (O) (Я) 135°45′00″ ш. б. / 35.01667° с. е. 135.75000° ш. б. / 35.01667; 135.75000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

794 жыл

Бұрынғы атаулары

Хэйан

Киото картада
Киото
Киото

794 жылдан 1984 жылға дейін Жапонияның астанасы болды.

Географиясы

Қала Киото таулары мен ойпаты маңайында орналасқан. Таулардың жарылған жерлері қаланың шекарасының рөлін атқарады.

Киотоның теңізге шыға алмағандығы және оның жалпы орналасуы климатының қоңыржай және континенттік болғандығына себеп болып келеді. Тамыздағы орташа жоғары температурасы – 28,2 °C болғанымен қаланың климаты суық және құрғақ. Маусымнан қыркүйекке дейін жаңбыр жауатын мезгіл болып келеді. Жылғы жауын шашын орташа мөлшері 1491 мм.

Тарихы

Жаңа заман

1568 жылы Киото регионалды басшы Ода Нобунага басшылығында болады. Ол қираған қаланың қайта құрылуын бастады. Ода Императорлық сарайын мен Нидзё мұнарасын қалпына келтіреді де, астананың экономикалық жағдайын дұрыстайды. Оның қорғауының астында қалада Иезуиттер бастаған христиан миссиясы жүреді. Одадан кейін болған Тоётоми Хидэёси өзінің ізашарының жоспарын жалғастырады. 1590 жылы ол қалада жаңа жол жүйесін құрастырады, кварталға бөліну жүйесін енгізеді де, қаланың орталығында орналасқан монастырьлерді Тэраноути ауданына көшіреді. Киотода Дзюракудай сарайының, Ниси-Хонгандзи монастырінің және қала маңындағы Фусими мұнарасының құрыстырады.

Токугава сёгунатының құрылуыан кейін мемлекеттің саяси ордасы Эдо қаласы болып кетеді. Алайда, Киото Жапонияның астанасы мен Император резиденциясы болып қала берді. Киото қаласының қауіпсіздігін сақталуы мақсатымен Токугава Иэясу Нидзё қамалын салады.

Киото, 1891

XVII—XIX ғасырларда Киото елдің ең бай қалаларының бірі болады. Оның халық саны 400 мың адам болды және ол Жапонияда Эдо мен Осакадан кейін ең үлкен қала болған.

1864 жылы өрттен Киото қатты зақымданады, қаланың көпшілігі зардап шегеді, 28 мың үй толықтай жойылады. жылы Киотода Мэйдзи жаңғыртуы өтеді, және Император астананың Токиоға аты өзгерген Эдоға көшірілуін жариялайды. Император сарайының көшуіне байланысты Киото өзінің мың жылдық Астана атағын жоғалтады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Киото американдықтардың атомдық жаруға жоспарланған қалалардың бірі болған. Осының себептерінің бірі – қаланың ауқымдылығы. Алайда бұған АҚШ Әскер министрі Генри Стимсон қарсы болған, өйткені ол Киотода өзінің бал айын әйелімен бірге өткізген. Оның сөзі бойынша, жапондықтардың ежелгі мәдениеттік және діни орталығының бұзуы АҚШ абыройына зақым келтіреді. Лесли Гровс пен басқа комитет мүшелерінен қолдауды ала алмаған Генри Президент Труманға жүгінеді де, оны көндіртеді.

Климаты

Киотоның ауа райы
КөрсеткішҚаңАқпНауСәуМамМауШілТамҚырҚазҚарЖел
Орташа максимум, °C8,59,212,819,624,427,331,332,928,322,316,811,3
Орташа температура, °C4,04,57,613,918,722,426,527,723,417,111,56,5
Орташа минимум, °C0,30,73,08,713,418,222,723,719,512,77,02,3
Жауын-шашын нормасы, мм50,465,8110,6151,8153,7247,6234,6142,8202,611269,539,8
Дерекнама: www.climate-charts.com

Әкімшілік бөлінісі

Қазақша атыЖапонша атыАуданы[1]Халық саны[1]Тығыздығы[1]
01Камигё上京区7,0385 11312 107,1
02Кита北区84,88119 4741259,2
03Минами南区15,8199 9276320,5
04Накагё中京区7,41109 34114 755,9
05Нисикё西京区59,24150 9622548,3
06Сакё左京区246,77168 266681,9
07Симогё下京区6,7882 66812 192,9
08Укё右京区292,07204 262699,4
09Фусими伏見区61,66280 6554551,7
10Хигасияма東山区7,4839 0445219,8
11Ямасина山科区28,70135 4714720,2

Халқы

Халық саны – 1 464 890 адам (1 қазан 2020), және тығыздығы — 1769,55 адам./км².

Киото қаласының 10 бауырлас қалалары бар.

Бауырлас қалаЖылыМемлекет
Бостон-  АҚШ
Париж-  Франция
Кёльн-  Германия
Прага-  Чехия
Флоренция-  Италия
Киев-  Украина
Сиань-  Қытай
Гвадалахара-  Мексика
Чинджу-  Корея Республикасы
Загреб-  Хорватия

Дереккөздер