Килиан Мбаппе

Килиан Мбаппе Лоттен (фр. Kylian Mbappé Lottin; 1998 жылы 20 желтоқсанда туған, Бонди, Франция) — француз футболшысы, "Пари Сен-Жермен" клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы. 2024 жылды4 1 шілдесінде Реал Мадрид клубына қосылады.

Килиан Мбаппе Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Килиан Мбаппе Лоттен[1]

Лақап аттары

Донателло (фр. Donatello)[2][3]

Туған күні

20 желтоқсан 1998 (1998-12-20) (25 жас)

Туған жері

Бонди, Франция

Азаматтығы

 Франция

Бойы

178 см

Салмағы

73 кг

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Франция Пари Сен-Жермен

Номері

7

Жастар клубы
2010—2013Франция Бонди
2011—2013Франция Клерфонтен
2013—2015Франция Монако
Клуб карьерасы[* 1]
2015—2016Франция Монако-II12 (4)
2015—2018Франция Монако41 (16)
2017—2018  Франция ПСЖ (аренда)27 (13)
2018—Франция ПСЖ178 (162)
2024 ж 1 шілдесіненИспания Реал Мадрид
Ұлттық құрамы[* 2]
2014—2015Франция Франция-172 (0)
2016Франция Франция-1911 (7)
2017— Франция68 (38)
Марапаттары мен медальдары
Әлем чемпионаты
АлтынРесей 2018
КүмісКатар 2022
Ұлттар Лигасы
АлтынИталия 2021

2016/17 жылғы маусымда Франция чемпионатының үздік жас футболшысы атанды. 2018 жылғы әлем чемпионы және үздік жас футболшы, Францияның жыл футболшысы.

Клубтық

Кәсіпқой карьерасын 17 жасында "Монако" клубында бастады. Тұңғыш рет 2015 жылы 2 желтоқсанда Франция чемпионатындa "Кан" командасына қарсы 88-минутта Фабиу Коэнтраудың орнына алаңға шықты. Сегіз күннен соң еурокубоктердегі дебют ойынын өткізіп, Еуропа Лигасының алтыншы турында "Тоттенхемге" қарсы ойында алаңға шықты. Бұл кездесуде нәтижелі пасымен көзге түсті.

2016-17 жылғы маусымда "Монако" чемпиондар Лигасының жартылай финалына дейін жетті. Команданың осы жетістігіне көп үлес қосқан Мбаппе Еуропаға танылып үлгерді де, кәрі құрлықтың бірнеше алпауыт клубтары оны өз қатарына қосып алғысы келетінін мәлімдеді.

Келесі маусымда Мбаппе "Пари Сен-Жермен" клубына жалға берілді. Енді ол Неймармен бірге тізе қосып ойнады. Бірақ еурокубоктерде команда 1/8 финалдан аса алмады. Мбаппе Франция чемпионатында 27 матчта алаңға шығып, 13 гол соқты. Маусым біткен соң париждік клуб оны түпкілікті сатып алды.

Реал Мадрид

2024 жылдың 3 маусымында Реал Мадрид клубымен 5 жылдық контрактқа отырды[4][5]. Осыдан кейін Мбаппе әлеуметтік желілерінде өзінің бақытымен бөлісті: "Бұл орындалған арман. Мен соңдай бақыттымын және өзімнің арман клубыма өткеніммен мақтанамын... Қазір қандай қобалжып тұрғанымды ешкім түсіне алмайды!"[6].

Ұлттық құрама

Ұлттық құрамада тұңғыш рет 2017 жылы алаңға шықты. 2018 жылғы әлем біріншілігінің екінші турында Перудің қақпасына гол соғып, есеп ашты. 1/8 финалда Аргентинаның қапасына екі гол соқты (4:3). Финалда Хорватияның қақпасына да бір гол енгізді.

Мбаппе турнирдің ең үздік жас ойыншысы атанды[7].

Жетістіктері

Командалық

Монако

  • Франция чемпионы: 2016/17

Пари Сен-Жермен

  • Франция чемпионы: 2017/18, 2018/19, 2019/20
  • Француз Лигасының кубогы: 2017/18, 2019/20
  • Франция кубогы: 2017/18, 2019/20
  • Франция суперкубогы: 2019

Жеке

  • Франция чемпионатының үздік жас ойыншысы: 2016/17
  • Golden Boy жүлдесінің иегері: 2017
  • Франция чемпионатының үздік мергені (2): 2018/19, 2019/20
  • Франциядағы жыл футболшысы (2): 2018, 2019
  • Әлем чемпионатының үздік жас ойыншысы: 2018
  • "Копа" олжасының иегері: 2018
  • 1 (3) лигадағы ай ойыншысы: сәуір 2017, наурыз 2018 , тамыз 2018

Дереккөздер

Сілтемелер