Кемеңгер

Данышпан (кейде кемеңгер[1]) — рухани кемелдікке жетіп, даналық қасиеттерді меңгерген тұлға. Данышпан болмыстың заңдылықтарын терең түсініп, толық сезінеді және өзі де сол заңдылықтардың аясында, ауытқымай өмір сүреді. Оның қарапайым адамдардан айырмашылығы - өзінің іс-әрекетін, барша ғұмырын өткінші қызықтың, жеке бастың қамына емес, мәңгілік құндылықтарға, жалпы адамзаттық аңсарларға бағыттап, өз тұстастарына, кейін ұрпақ өкілдеріне өнеге таратып, ізгі ықпалын тигізеді.[2]

Кемеңгер түсінігімен жиі ғалым Альберт Эйнштейн ассоциацияланады

Дереккөздер


Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Genius