Кеген (ауыл)

Кеген — ауыл, Алматы облысы Кеген ауданы және Кеген ауылдық округі орталығы.

Ауыл
Кеген
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Аудан орталығы

Облысы

Алматы

Ауданы

Кеген

Ауылдық округі

Кеген

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°01′02″ с. е. 79°13′31″ ш. б. / 43.01722° с. е. 79.22528° ш. б. / 43.01722; 79.22528 (G) (O) (Я) 79°13′31″ ш. б. / 43.01722° с. е. 79.22528° ш. б. / 43.01722; 79.22528 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1841

Бұрынғы атаулары

Бекет

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

8 593[1] адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

05

Кеген картада
Кеген
Кеген
Кеген картада
Кеген
Кеген
 Басқа мағыналар үшін Кеген деген бетті қараңыз.

Географиялық орны

Облыс орталығы – Қонаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 км-дей жерде, Кеген өзенінің сол жағалауында, қожабидай, бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптер өскен таудың қызыл қоңыр, қара топырақты даласында орналасқан.

Халқы

Саны (1999, 2009, 2021)[2][3]
1999200920212021 2009-ға пайызбенЕрлер 2009Ерлер 20212021 2009-ға пайызбенӘйелдер 2009Әйелдер 20212021 2009-ға пайызбен
80789049874096,6437944231014670431792,4

Тарихы

Іргесі 1841 жылы қаланып, "Бекет" деп аталған. Ұжымдастыру жылдарында "Құмтекей" ұжымшарының орталығы болды. 19631997 жылдары Кеген ауданының, Қызылту кеңшарының және Кеген ауылдық кеңесінің орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан өндірістік кооперативтер, ЖШС-тер мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. 1997-2022 жылдары Райымбек ауданының орталығы болды.

Инфрақұрылымы

Баспахана, тұрмыстық қызмет көрсететін комбинаты, сауда орталығы, клуб, мәдениет үйі, кітапханалар, 3 орта, 1 орталау мектеп, мектеп-интернат, аудандық аурухана, т.б. мекемелар бар. Кеген арқылы АлматыНарынқол, Алматы – Қарақол (Қырғызстанда) автокөлік жолдары өтеді.[4]

Дереккөздер