Кассандра

Кассандра[1](ағылш. Cassandra, еж.-грек. Κασσάνδρα) – ежелгі грек мифологиясындағы Троя патшасы Приам мен Гекубаның қызы. Кассандраның сұлулығына ғашық болған Аполлон құдай оған көріпкелдік қасиет дарытады. Алайда Кассандра оның махаббатын қош алмайды, сонда Аполлон құдай Кассандраны жазалап, оның алдын ала болжаған сәуегейлігіне жұртты сенбейтін етеді. Бірақ Кассандраның болжаулары әрқашан расқа шығып отырыпты-мыс делінеді.

A.
«Аякс пен Кассандра», С. Дж. Соломонның картинасы

Дереккөздер: