Карл-Хайнц Ридле

Карл-Хайнц (Калле) Ридле (нем. Karl-Heinz „Kalle“ Riedle; 16 қыркүйек 1965[1], Вайлер-Зиммерберг) — германиялық футболшы, шабуылшы. 1990 жылғы әлем чемпионы.

Карл-Хайнц Ридле Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

16 қыркүйек 1965 (1965-09-16) (58 жас)

Туған жері

Вайлер-Зиммерберг, Бавария, ГФР

Азаматтығы

 Германия

Бойы

179

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Клуб карьерасы[* 1]
1983—1986Германия Аугсбург? (?)
1986—1987Германия Блау-Вайсс 189034 (10)
1987—1990Германия Вердер86 (38)
1990—1993Италия Лацио84 (30)
1993—1997Германия Боруссия Дортмунд87 (24)
1997—1999Англия Ливерпуль59 (11)
1999—2001Англия Фулхэм34 (6)
Ұлттық құрамы[* 2]
1988—1994 Германия42 (16)
Бапкерлік карьерасы
2000Англия Фулхэмойыншы бапкер

Карьерасы

Карьерасын 1983 жылы "Аугсбург" клубында бастады. 1986 жылы Бундеслигасның жаңа өкілі "Влау-Вайсс" клубына ауысты. Бірақ 1986/87 жылғы маусым қорытындысында клуб қайтадан төменгі лигаға түсіп кетті де, Ридле жаңа клуб ізздеді. Сол кезде "Вердер" клубынан ұсыныс келіп, футболшы сонда ауысты.

Алғашқы маусымда-ақ Ридле 18 гол соғып, клубтың Германия чемпионы атануына көмектесті. Осы жетістігінен соң құрамаға шақырылды.

Екі жылдан соң 1990 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Чемпионаттан соң "Лациоға" ауысты.

1992 жылғы Еуропа чемпионатына қатысып, екі гол соқты, бірақ Германия чемпион атана алмады (финалда Даниядан ұтылды).

Одан кейінгі жылдарда "Боруссия Дортмунд", "Ливерпуль", "Фулхэм" клубтарында доп тепті. 2000 жылы "Фулхэмде" ойыншы бапкер қызметін де атқарды.

Жетістіктері

  • Әлем чемпионы (1990)
  • Чемпиондар лигасы (1997)
  • Германия чемпионы (1988, 1995, 1996)
  • Еуропа чемпионатының финалисі (1992)
  • Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (1988)

Дереккөздер

Сілтемелер