Карло Анчелотти

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту
Карло Анчелотти Футбол
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Карло Анчелотти

Туған күні

10 маусым 1959 (1959-06-10) (65 жас)

Туған жері

Реджоло, Италия

Азаматтығы

Италия Италия

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

футбол карьерасын аяқтады

Клуб карьерасы[* 1]
1976—1979Италия Парма55 (13)
1979—1987Италия Рома171 (12)
1987—1992Италия Милан112 (10)
1976—1992Барлығы338 (35)
Бапкерлік карьерасы
1992—1995Италия Италияасс
1995—1996Италия Реджана
1996—1998Италия Парма
1999—2001Италия Ювентус
2001—2009Италия Милан
2009—2011Англия Челси
2011—2013Франция ПСЖ
2013—2015Испания Реал Мадрид
2016—2017Германия Бавария
2018—2019Италия Наполи
2019—2021Англия Эвертон
2021—Испания Реал Мадрид

Карло Анчелотти (итал. Carlo Ancelotti; 10 маусым 1959, Реджоло, Эмилия-Романья, Италия) — итальяндық футболшы және бапкер, "Реал Мадрид" клубының жаттықтырушысы. Жартылай қорғаушы амплуасында ойнаған. Қазіргі заманның ең табысты бапкерлерінің бірі, УЕФА чемпиондар Лигасының 4 мәрте жеңімпазы.

Ойыншы карьерасы

қайнарын өңдеу

Карло Анчелотти 1959 жылдың 10 маусымында дүниеге келген. Ойыншы ретінде «Рома» және «Милан» клубтарында орталық жартылай қорғаушы позициясында ойнаумен атақты болды. Мұнда ол 3 скудетто, 4 Италия кубогы, 2 Чемпиондар кубогына ие болып, Италия құрама командасы сапында 26 матч өткізген. 1990 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.

Бапкер карьерасы

қайнарын өңдеу

Итальяндық «Реджана», «Парма» және «Ювентус» клубтарына басшы болған. Ювентуспен 1999 жылы Интертото Кубогын алған.

2001 жылы Фатих Теримнің орынына «Миланның» бас бапкері ретінде тағайындалған. Дебютты маусымда Анчелотти команданы 3 орынға әкеліп, УЕФА кубогының жартылай финалына дейін көтерілген. 2002/03 маусымы «Милан» үшін өте сәтті өтеді. Команда Италия кубогына ие болып, Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанады. 2003/04 маусымында Анчелотти клубка скудетто ұтып алады. Кейіннен «Милан» екі жыл қатарынан екінші орынға табан тірейді.

2005 жылы клуь Чемпиондар лигасының финалында ойнайды, алайда «Ливерпульден» жеңіліс табады. 2007 жылы Анчелотти «Ливерпульды» ұтып, Чемпиондар лигасында жеңіске жетеді. 2007/08 маусымы Анчелотти үшін сәтсіз болды. 2009 жылы «Челсидың» бас бапкері болып тағайындалды. Бұл командамен ол Англия Премьер-лигасы мен Англия кубогы үшін таласта жеңіске жетеді.

2011 жылдың 30 желтоқсанында француздық «Пари Сен-Жермен» клубының бапкері болады. 2012/13 маусымда клуб ұлттық чемпионатта жеңіске жетеді.

Жетістіктері

қайнарын өңдеу

Ойыншы ретінде

қайнарын өңдеу

«Рома»

  • Италия чемпионы: 1982/83
  • Италия кубогы (4): 1979/80, 1980/81, 1983/84, 1985/86

«Милан»

  • Италия чемпионы (2): 1987/88, 1991/92
  • Италия суперкубогы: 1988
  • Чемпиондар лигасы (2): 1988/89, 1989/90
  • Еуропа суперкубогы (2): 1989, 1990
  • Құрлықаралық кубок (2): 1989, 1990

Бапкер ретінде

қайнарын өңдеу

«Ювентус»

  • Интертото кубогы: 1999

«Милан»

  • Италия чемпионы: 2003/04
  • Италия кубогы: 2002/03
  • Италия суперкубогы: 2004
  • Чемпиондар лигасы (2): 2002/03, 2006/07
  • УЕФА суперкубогы (2): 2003, 2007
  • Клубтар әлем чемпионаты: 2007

«Челси»

  • Англия чемпионы: 2009/10
  • Англия кубогы: 2009/10
  • Англия суперкубогы: 2009

«Пари Сен-Жермен»

  • Франция чемпионы: 2012/13

«Реал Мадрид»

  • Испания кубогы: 2013/14
  • Чемпиондар лигасы: 2013/14
  • УЕФА суперкубогы: 2014
  • Клубтар әлем чемпионаты: 2014

«Бавария»

  • Германия чемпионы: 2016/17
  • Германия суперкубогы (2): 2016, 2017
  • А сериясының жыл бапкері (2): 2001, 2004
  • Франциядағы жыл бапкері: 2012/13
  • УЕФА жыл бапкері: 2002/03
  • Энцо Беарзот марапаты: 2014
  • Италия футболының құрмет залы: 2015

Навигация мәзірі