Карлов университеті

14°24′13″ ш. б. / 50.0884° с. е. 14.4037° ш. б. / 50.0884; 14.4037 (G) (O) (Я)

Карлов университеті(серб-хорв. Universita Karlova) — Европадағы байырғы университеттердің бірі және бірінші славян университеті. 1348 жылы Прагада император Карл IV негізін құрған. Алғашқыда университетте еркін өнер, құқық, медицина факультеттері болды.[1]

Карлов университеті
Университет атауы
Халықаралық атауыUniverzita Karlova v Praze
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы1348 жыл
ТүріҰлттық университет
Орналасуы
Орналасқан жеріЧехия, Прага
МекенжайыOvocný trh 5, 116 36 Praha 1
Әкімшілік
Негізгі көрсеткіштер
Студенттер53 мың.
Шетел студенттері7 мың
Бакалавриат20 мың
Магистратура25 мың
Сайтыwww.cuni.cz/
Университеттің басты корпусы

Тарихы

Гусив революция қозғалысы кезінде Карлов университеті ұлт-азаттық және антикатоликтік күрестің орталығына айналды. 1526 жылы Прагада Карлов университетінің ықпалын нашарлату мақсатында иезуиттік академия құрылды, ол 1654 жылы император Фердинанд III кезінде Карлов университетімен бірктіріліп, Карл-Фердинанд университеті болды. Ұлттық қайта өркендеу кезінде (18 ғ-дың соңы, 19 ғ-дың орта шені) университет студенттері мен профессорлары Чехияны Австрия үстемдігімен азат ету күресіне, 1448-1449 жылдары революциялық қозғалысқа қатысты. 1882 жылы Карлов университеті екіге:чех және неміс университетіне бөлінді. Неміс-фашизм оккупациясы кезінде университет жұмысын тоқтатып, 1945 жылы қайта ашылды.

Университет факультеттері

Карлов университеті құрамында:

  • математика және физика
  • жаратылыс тану ғылымдары
  • жалпы медицина
  • медицина
  • философия
  • заң
  • мәдениет және журналистика
  • дене тәрбиесі және спорт факультеттері бар.[2]

Дереккөздер