Камбари

Камбари (эвади) — Нигериядағы халық (Кадуна мен Нигер өзендерінің арасында, Буса қаласының шығысында). Агади, ауна, аригида, ашингинни, вара, ибето, нгаски топтарын қамтиды.[1]Жалпы саны 250 мың.[2]

эвади
Камбари
Бүкіл халықтың саны

250 000

Ең көп таралған аймақтар

 Нигерия

Тілдері

камбари тілі

Діні

сунниттер, дәстүрлі сенімдер

Тілі

Нигер-Кордофан отбасының бенуэ-конго тобының камбари тілінде (камбери, эвади, ашингинни) сөйлейді. Бірнеше диалектілері бар: орталық және оңтүстік-батыс.[3]

Діні

Дінге сенушілердің діни ағымы: сүнниттік мұсылмандар, дәстүрлі сенімдер.[4]

Кәсібі

Негізгі кәсібі егіншілік (жүгері, құмай), мал шаруашылығы, балық аулау дамыған.[5]

Өмір салты

Тұрғын үйлері – төбесі конус пішінді сабанмен жабылған дөңгелек саман үйшік.

Ерлердің дәстүрлі киімі шалбар мен қысқа жамылғы, әйелдерде жапырақтан тігілген белдемше.[6]

Дереккөздер