Йон Арне Риисе

Норвегиядағы футбол ойыншысы

Йон Арне Семундсет Риисе (норв. John Arne Semundseth Riise; 24 қыркүйек 1980[2], Олесунн, Норвегия) — норвегиялық футболшы, қорғаушы.

Йон Арне Риисе Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

24 қыркүйек 1980 (1980-09-24) (43 жас)

Азаматтығы

Норвегия

Бойы

188[1]

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Мальта Биркиркара

Қызметі

спорт директоры

Клуб карьерасы[* 1]
1998Норвегия Олесунн25 (5)
1998—2001Франция Монако44 (4)
2001—2008Англия Ливерпуль234 (21)
2008—2011Италия Рома99 (7)
2011—2014Англия Фулхэм87 (4)
2014—2015Кипр АПОЭЛ25 (4)
2015Үндістан Дели Дайнамос15 (1)
2016Норвегия Олесунн10 (0)
2016Үндістан Ченнай Титанс10 (1)
1998—2016Барлығы549 (42)
Ұлттық құрамы[* 2]
2000—2013 Норвегия110 (16)

Карьерасы

"Олесунн" клубының түлегі. 1998 жылы карьерасын осы клубта бастады. Бірақ сол жылы жазда-ақ "Монакоға" ауысты. 2000 жылы Франция чемпионы атанды.

2001 жылы жазда "Ливерпуль" футболшысы атанды. "Ливерпульде" өткізген жылдары Риисенің ең табысты кезеңдері болды, тек Англия чемпионы атана алмады, қалған жүлделердің бәріне қол жеткізді.

2005 жылы "Миланмен" өткен Чемпиондар Лигасының финалында "Ливерпуль" 0:3 есебімен ұтылып тұрған кезде Стивен Джеррардқа нәтижелі пас шығарды. Ойын соңында "Ливерпуль" аталмыш турнирде жеңімпаз атанды.

Бірнеше маусым негізгі құрамда ойнап, тек 2006/07 жылғы маусымда жарақатының кесірінен негізгі құрамдағы орнын Фабиу Аурелиоға беріп қойды. 2007/08 жылғы Чемпиондар Лигасының жартылай финалында "Челсимен" ойынның соңғы минутында өз қапасына гол соғып алып, жеңісті уысынан шығарып алды.

2008 жылы жазда "Ромаға" ауысты.

2011 жылы жазда Англия чемпионатына қайта оралып, "Фулхэм" футболшысы атанды.

2014 жылы АПОЭЛ-ге ауысты.

2015 жылы Үндістанның "Дели Дайнамос" клубымен келісім шарт жасасты.

2016 жылы наурызда 17 жылдық үзілістен соң Норвегияға оралып, туған қаласындағы "Олесунн" клубына ауысты.

Ұлттық құрама

2000 жылы 31 қаңтарда Ирландияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Норвегия Ұлттық футбол құрамасы сапында алаңға шықты. ЕУРО-2000 турниріне барғанымен, бір кездесуде де алаңға шықпады.

2011 жылы 12 қарашада Уэльске қарсы жолдастық кездесуде құрама сапындағы 100-ші кездесуін өткізді.

Жетістіктері

Командалық

«Монако»
  • Франция чемпионы: 1999/00
  • Франция суперкубогы: 2000
«Ливерпуль»
  • Англия кубогы: 2005/06
  • Лига кубогы: 2002/03
  • Англия суперкубогы (2): 2001, 2006
  • Чемпиондар лигасы: 2004/05
  • УЕФА суперкубогы (2): 2001, 2005
АПОЭЛ
  • Кипр чемпионы: 2014/15
  • Кипр кубогы: 2014/15

Жеке

  • Норвегияның үздік футболшысы: 2006

Дереккөздер

Сілтемелер