Иордания мәлігі

Иордания мәлігі (араб.: ملك الأردن‎) Иордания конституциясы бойынша ол мемлекет басшысы. Иорданиядағы монархия Ұлыбританияның көмегімен 1921 жылы енгізілді. Иордания конституциялық монархия болғанымен, мәлік айтарлықтай атқарушы және заң шығарушы билікке ие. Ол Иордания Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы және премьер-министр мен органдар директорларын тағайындайды. Ол сондай-ақ жоғарғы палата, Сенат және Конституциялық Сот мүшелерін тағайындайды.

Иордания мәлігі
араб.: ملك الأردن

Иордания патша байрағы

Лауазымды иеленуші
Абдаллаһ II
Басшылық етеді

Иордания

Басқару түрі

Иорданиялық Хашимит Мәліктігінің Ұлы мәртебесі

Ресми резиденциясы

Рагадан сарайы (ресми резиденциясы), Мұсалла сарайы (қысқы резиденциясы)

Тағайындалды

мұрагерлікпен

Өкілеттігінің мерзімі

өмірбақи

Лауазым пайда болды

25 мамыр 1946 жылы

Лауазымдағы алғашқы қызметші

Абдалла I

Тарихы

Хашемиттер әулетінен шыққан Хұсейін бен Әлидің ұлдары Ирак пен Иорданияның патшалары атанды. Абдалла ибн Хұсейін алғаш рет 1921 жылы 11 сәуірде Трансиорданияның әмірі болып тағайындалды, ал 1946 жылы 25 мамырда елге тәуелсіздік берілгендіктен, Хашимиттік Трансиордан Патшалығының мәлігі болып жарияланды. Елдің атауы 1948 жылғы араб-израил соғысынан кейін 1949 жылы 3 сәуірде Иордания Хашимит Мәліктігі болып өзгертілді.

Трансиордания әмірлерінің тізімі

СуретАтыТуған жылыБилей бастадыБилеуін аяқтадыҚайтыс болған жылыБайланысы
Абдалла I
Абдалла ибн Хұсейін
1882 ақпан1 сәуір 192125 мамыр 194620 шілде 1951
(өлтірілді)
1946 жылы әмір атағын Иордания мәлігі атағына ауыстырды

Иордания мәліктерінің тізімі

СуретАтыТуған жылыБилей бастадыБилеуін аяқтадыҚайтыс болған жылыБайланысы
Абдалла I
Абдалла ибн Хұсейін
1882 ақпан25 мамыр 194620 шілде 1951
(өлтірілді)
1921 жылға дейін - Трансиордания әмірі
Талал
Талал ибн Абдалла
26 ақпан 190920 шілде 195111 тамыз 1952
(тақтан бас тартты)
7 шілде 1972алдыңғының ұлы
Наиф
Наиф ибн Абдалла
14 қараша 191420 шілде 19518 қыркүйек 195112 қазан 1983алдыңғының інісі; науқас Талал ағасы кезіндегі регент
Хұсейін
Хұсейін ибн Талал
14 қараша 193511 тамыз 19527 ақпан 1999алдыңғының ұлы
Абдалла II
Абдалла ибн Хұсейін
30 қаңтар 19627 ақпан 1999қазір аман сауалдыңғының ұлы

Лауазымда болудағы диаграмма

Дереккөздер