Интертото Кубогы


Интертото Кубогы - 1995-2008 жылдар арасындағы Чемпиондар Лигасы мен УЕФА Кубогы турнирлеріне жолдама алмаған командалар арасында, УЕФАның ұйымдастыруымен өткізілетін, жазғы, клубтық турнир. Кубок жеңімпаздары (2006/2007 маусымға дейін 3, кейін 11) УЕФА Кубогына жолдама алады.

Интертото Кубогы
Құрылған жылы 1961 (1995 жаңа үлгіде)
Жойылған жылы 2008
Аймақ Еуропа (УЕФА)
Командалар саны 50
Ең табысты команда Германия Штутгарт (3)

Тарихы

Кубок ұйымдастырушысы болып Жәрмеңке Кубогының қалаушысы швейцариялық Эрнст Том мен аустриялық жаттықтырушы Карл Раппан болып табылады. Кубоктың алғашқы маусымы букмекерлік кеңсе қолдауымен 1961 жылы басталды.

Турнир алғашында Халықаралық Футбол Кубогы деп аталды. Оны УЕФА мойындамай, ресми мәртебесі болмады. Кубок топтық кезең, плей-офф және финал бойынша өткізлді. 1967 жылдан бастап турнирде плей-офф және финал өткізілмейтін болды, сондықтан дара жеңімпазы болмайтын болды.

1994 жылдан бастап УЕФА турнирді өз қолына алды, сонымен қатар турнир қалпын өзгертті. Ендігі кезекте турнир жеңімпаздары (алғашқы маусымда екеу, кейін үшеу) УЕФА Кубогына жолдама алатын болды. Еуропаның көптеген клубтары УЕФА Кубогына қатысуға тағы мүмкіндік алып қана қоймай, халықаралық кездесулерде тәжірибе жинады.

2006 жылы УЕФА турнирдің қалпын қайта өзгертті. Енді турнир жеңімпазы 3 емес 11 команда атанатын болды.

2007 жылдың қараша айында УЕФА-ның атқарушы комитеті 2009 жылғы маусымнан бастап Интертото Кубогын жауып тастауға бел буды.

Форматы

2006/2007 жылғы маусымнан бастап турнирдің форматы өзгерді. Турнирде 5 кезеңнің орнына 3 кезең өткізілетін болды, ал жеңімпаздар саны 3-тен 11-ге ұлғайды. Турнирдің 11 жеңімпазы УЕФА Кубогының екінші квалификациялық кезеңінен бастайтын болды. Енді әр елден тек 1 команда қатыса алады.

Турнир жеребесі УЕФА коэффициенттер кестесіне қарай өткізілетін болды.

1-ші кезеңде УЕФА коэффициенттер кестесінде 23-ші орыннан 53-ші орында (Лихтенштейн, Сан-Марино және Андорра елдерінен басқа, олар турнирге мүлдем қатыспайды) тұрған елдердің клубтары бастайтын болды, барлығы 28 елден 28 команда. 2-ші кезеңде УКТ 9-шы орыннан 22-ші орында тұрған елдердің клубтары бастайтын болды, барлығы 14 елден 14 команда. 3-ші кезеңде УКТ 1-ші орыннан 8-ші орында тұрған елдердің клубтары бастайтын болды, барлығы 8 елден 8 команда.

Жеңімпаздар

ЖылЖеңімпаздар
2008 Депортиво Ла-Корунья Наполи Спортинг (Брага) Астон Вилла
Штутгарт Васлуй Ренн Штурм
Грассхопперс Русенборг Эльфсборг

Ескертпе:

  • «Спортинг» Интертото Кубогының жеңімпаздары арасында ең алысқа барған клуб ретінде марапатталды (1/8 финала).
ЖылЖеңімпаздар
2007 Ланс Блэкберн Роверс Гамбург Сампдория
Атлетико Мадрид Лейрия Оцелул Рапид Вена
Ольборг Хаммарбю Тобыл

Ескертпе:

  • Интертото Кубогы 2007 маусымында Норвегия мен Шотландия елдерінің командалары қатысқан жоқ, олардың орнына турнирге Андоррадан «Сант-Хулиа» және Румыниядан екінші команда «Глория» клубтары қатысты.
  • Қазақстанның «Тобыл» клубы ТМД елдерінің ішінде алғашқы (және жалғыз) болып Интертото Кубогының жеңімпазы атанды .
  • «Гамбург» Интертото Кубогының жеңімпаздары арсында ең алысқа барған клуб ретінде марапатталды (1/8 финала).
ЖылЖеңімпаздар
2006 Ньюкасл Твенте Оденсе Этникос
Осер Кайсериспор Грассхопперс Олимпик Марсель
Герта Рид Марибор

Ескуртпе:

  • Интертото Кубогы 2008 маусымында Португалия командалары қатысқан жоқ, ал А Сериясындағы жанжалдан кейін Италия командаларының орнына турнирге Франциядан екінші команда «Осер» клубы қатысты.
  • «Ньюкасл» Интертото Кубогының жеңімпаздары арсында ең алысқа барған клуб ретінде марапатталды (1/8 финал).

1995—2005 ж.

ЖылЖеңімпаздарФиналистерЕсеп
2005 Гамбург Валенсия1-0 (ү), 0-0 (с)
Ланс Клуж1-1 (с), 3-1 (ү)
Олимпик Марсель Депортиво0-2 (с), 5-1 (ү)
2004 Лилль Лейрия0-0 (ү), 2-0 (с) қос.
Шальке 04 Слован Либерец2-1 (ү), 1-0 (с)
Вильяреал Атлетико2-0 (ү), 0-2 (с), п. 3-1
2003 Шальке 04 Пашинг2-0 (с), 0-0 (ү)
Вильяреал Херенвен2-1 (с), 0-0 (ү)
Перуджа Вольфсбург1-0 (ү), 2-0 (с)
2002 Малага Вильяреал1-0 (с), 1-1 (ү)
Фулхэм Болонья2-2 (с), 3-1 (ү)
Штутгарт Лилль0-1 (с), 2-0 (ү)
2001 Астон Вилла Базель1-1 (с), 4-1 (ү)
Пари Сен-Жермен Брешия0-0 (ү), 1-1 (с)
Труа Ньюкасл0-0 (ү), 4-4 (с)
2000 Удинезе Сигма2-2 (с), 4-2 (ү)
Сельта Зенит2-1 (ү), 2-2 (с)
Штутгарт Осер2-0 (с), 1-1 (ү)
1999 Монпелье Гамбург1-1 (ү), 1-1 (с), п. 3-0
Ювентус Ренн2-0 (ү), 2-2 (с)
Вест Хэм Юнайтед Мец0-1 (ү), 3-1 (с)
1998 Валенсия Зальцбург2-0 (с), 2-1 (ү)
Вердер Воеводина1-0 (ү), 1-1 (с)
Болонья Рух1-0 (ү), 2-0 (с)
1997 Бастия Хальмстад1-0 (с), 1-1 (ү) қос.
Лион Монпелье1-0 (с), 3-2 (ү)
Осер Дуйсбург0-0 (с), 2-0 (ү)
1996 Карлсруэ Стандард0-1 (с), 3-1 (ү)
Генгам Ротор1-2 (с), 1-0 (ү)
Силькеборг Сегеста2-1 (с), 0-1 (ү)
1995 Страсбур Тироль1-1 (с), 6-1 (ү)
Бордо Карлсруэ2-0 (с), 2-2 (ү)

Ескертпе:

  • Доп саны тең аяқталған жағдайда, сырт алаңда көп доп соққан команда жеңімпаз атанады
  • ү — үйдегі матч, с — сырттағы матч
  • қос — Ойын нәтижесі қосымша уақытта белгілі болды
  • п.пенальти

1967–1994 жыл

Бұл жылдары ешкім жеңімпаз атанған жоқ, тек топтық кезеңдер өткізілді.

60-шы196719681969
70-шы1970197119721973197419751976197719781979
80-ші1980198119821983198419851986198719881989
90-шы19901991199219931994

1961—1966 жыл

МаусымЖеңімапазФиналистЕсеп
1966/67 Айнтрахт Интер Братислава1-1, 3-2 қос.
1965/66 Локомотив Лейпциг Норрчёпинг4-0, 0-1
1964/65 Полония Бытом Лейпциг5-1, 0-3
1963/64 Словнафт Братислава Полония Бытом1-0
1962/63 Словнафт Братислава Падуя0-0, 1-0
1961/62 Аякс Фейеноорд4-2

Елдер бойынша жеңістер саны

ЕлдерЖеңімпаздарФиналистерЖеңімпаз клубтарФиналист клубтар
Франция165Осер (2), Бастия, Бордо, Генгам, Ланс (2), Лилль, Лион, Марсель (2), Монпелье, Пари Сен-Жермен, Страсбур, Труа, РеннОсер, Лилль, Мец, Монпелье, Ренн
Германия114Айнтрахт, Гамбург (2), Герта, Карлсруэ, Шальке 04 (2), Штутгарт (3), ВердерДайсбург, Гамбург, Карлсруэ, Вольфсбург
Испания75Сельта, Малага, Валенсия, Вильяреал (2), Атлетико Мадрид, Депортиво Ла-КоруньяАтлетико Мадрид, Депортиво, Валенсия, Вильяреал (2)
Италия63Болонья, Ювентус, Перуджа, Удинезе, Сампдория, НаполиБолонья, Брешия, Падуя
Англия61Астон Вилла (2), Фулхэм, Ньюкасл, Вест Хэм, Блэкберн РоверсНьюкасл
Австрия33Рапид Вена, Рид, ШтурмТироль, Пашинг, Зальцбург
Дания31Ольборг, Оденсе, СилькеборгОденсе
Нидерланд24Аякс, ТвентеФейеноорд, Херенвен, Утрехт, НАК Бреда
Румыния23Оцелул, ВаслуйКлуж, Фарул, Глория Быстрица
Швеция23Хаммарбю, ЭльфсборгХальмстад, Норчёпинг, Кальмар
Чехословакия21Интер Братислава (2)Интер Братислава
Португалия21Брага, ЛейрияЛейрия
Швейцария21Грассхопперс (2)Базель
Польша12ПолонияПолония, Рух
Түркия12КайсериспорТрабзонспор, Сиваспор
ГДР11Локомотив ЛейпцигЛокомотив Лейпциг
Кипр1Этникос
Қазақстан1Тобыл
Словения1Марибор
Ресей5Ротор, Рубин, Зенит, Сатурн, ФК Москва
Бельгия3Гент (2), Стандард
Сербия2Войводина, Хайдук Кула
Чехия2Сигма, Слован Либерец
Грекия3Ларисса, ОФИ Крит, Панионис
Молдова2Дачия, Тирасполь
Украина3Днепр, Черноморец, Таврия
Израиль2Маккаби Петах-Тиква, Бней Сахнин
Болгария2Черно Море, Черноморец Бургас
Хорватия1Сегеста
Литва1Ветра
Норвегия1Лиллестрём
Шотландия1Хиберниан

Тағы қараңыз

Сілтемелер