Инженер

инженерлік қызметті жүзеге асыратын маман

Инженер — инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.[1][2] Инженер сөзі латынның ingeniare ("ойлап шығару, өнертапқыштық") және ingenium ("ақыл, дарын") сөздерінен алынған.[3][4]

Инженердің жұмысы — ғылыми жаңалықтар және олардың адамзат қажеттілігі мен өмір сапасын жақсартуда қолданылуы арасындағы байланысты қалыптастыру.[1]

Инженерлердің түрлері

Инжинирингтің көптеген тармақтары бар, әрқайсысы арнайы технологиялар мен өнімдерге маманданған. Әдетте инженерлердің бір салада терең білімі болады да, өзге де қатысты салаларда жалпылама білімі болады. Мысалы, инженер-механик (машина жасау) мамандығының оқу курсына әдетте электротехникалық және бағдарламалау (программалау) инженерияның кіріспе сабақтары қосылады.

Белгілі бір өнімді жасау кезінде инженерлер әдетте өзара команда болып бірге жұмыс жасайды. Мысалы, құлтемір құрастыру кезінде инженерлер командасы ең кемінде үш түрлі инженердің көмегіне жүгінеді. Инженер-механик денесі мен қозғалтқыштарының жобасын жасайды. Инженер-электрик болса, қуат жүйесін, сенсорлар мен бақылау электр схемаларын қадағалайды. Ең соңында, бағдарламалаушы инженер роботтың дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ететін бағдарламалық жасақтаманы дамытады.

ТармақТехнологиясыҚатысты ғылымдарӨнімдері
Химия инженериясыХимикаттар жасап шығару мен химиялық өндіріс процестеріне маманданған.Химия, Термодинамика, Биология, МедицинаХимикаттар, Мұнай, Дәрілер, Шикі материалдар
Құрылыс инженериясыАлпауыт жүйелер мен құрылымдардың құрастыруға маманданған.Статика, ГидромеханикаАвтомобиль жолы, Көпір, Бөгет, Ғимараттар
Электр инженериясыЭлектр жүйелері мен электр схемаларын жобалауға маманданған.Электромагнетизм, ЛогикаКомпьютер, Электроника
Механикалық инженерияМашиналар мен бақылау жүйелерін жасап шығаруға маманданған.Динамика, ГидромеханикаАвтомобильдер, Ұшақтар
Металлургиялық инженерия/МатериалтануМеталдарды кен орындарынан шығарып алуға және жаңа материалдар дамытуға маманданған.Материалтану, Термодинамика, Металдарды шығару, Физикалық металлургия, Механикалық металлургия, Ядролық материалдар, Болат технологиясыТемір, Болат, Полимерлер, Қыш-құмыра өндірісі, Металдар
Компьютерлік инженерия/Бағдарламалық инженерияБағдарламалық жүйелерді шығаруға маманданғанИнформатика, МатематикаҚолданбалар, Сайттар, Операциялық жүйелер

Дереккөздер