Инабаттылық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту

Инабаттылықәдептілік, тәрбиелілік, мәдениеттілік ұғымдарымен жақын мағынада қолданылатын, кісілік қасиеттердің бірі.

Инабаттылық, көбінесе, адамның мінез-құлық ерекшеліктерімен айқындалады. Оның басты көріністеріне: адамгершілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, жауапкершілік, тәртіптілік, қанағатшылық, биязылық, ілтипаттылық, ізеттілік, сабырлылық, әділдік, шыншылдық, т.б. жатады. Инабаттылықтың негізгі шарттарының бірі – ар-ұятқа кір келтірмеу. Халық “жарлы болсаң да, арлы бол” дейді. Ар-ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, инабатты келеді.[1]

Сілтемелер

қайнарын өңдеу


Навигация мәзірі