Илкай Гүндоған

Илкай Гүндоған (нем. İlkay Gündoğan; 24 қазан 1990[1], Гельзенкирхен, Германия) — германиялық футболшы, тегі түрік. "Барселона" клубы мен Германия құрамасының жартылай қорғаушысы.

Илкай Гүндоған Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

24 қазан 1990 (1990-10-24) (33 жас)

Туған жері

Гельзенкирхен, Германия

Азаматтығы

Германия Германия

Бойы

180 см

Салмағы

79 кг

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Барселона

Номері

22

Жастар клубы
1993—1998Германия Гельзенкирхен-Хесслер 06
1998—1999Германия Шальке 04
1999—2004Германия Гельзенкирхен-Хесслер 06
2004—2005Германия Буэр
2005—2008Германия Бохум
Клуб карьерасы[* 1]
2008—2009Германия Бохум-22 (1)
2009—2011Германия Нюрнберг48 (6)
2011—2016Германия Боруссия Дортмунд105 (10)
2012Германия Боруссия (Д) II1 (0)
2016—2023Англия Манчестер Сити188 (44)
2023—Испания Барселона1 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
2008Германия Германия U187 (0)
2008—2009Германия Германия U196 (0)
2009—2010Германия Германия U202 (0)
2010—2011Германия Германия U218 (1)
2011— Германия67 (17)
Марапаттары мен медальдары
Еуропа Чемпионаты
ҚолаПольша/Украина 2012

Карьерасы

Клубтық

Карьерасын 2008 жылы Германияның аймақтық лигаларында ойнайтын "Бохумның" жастар клубында бастады. 2009 жылы ақпан айында екінші Бундеслигада ойнайтын "Ньюрнбергке" ауысты. 2011-16 жылдар арасында "Боруссия" (Дортмунд) клубында доп тепті.

2012/13 жылғы маусымда "Боруссия" УЕФА Чемпиондар лигасының финалына шықты, "Бавариямен" ойында Илкай бір гол соқты, бірақ "Боруссия" 1:2 есебімен ұтылып қалды.

2013/14 жылғы маусымда жарақатының кесірінен онша ойнай алмады. 2015 жылы жазда клубпен келісім шартын 2017 жылға дейін созды.

2016 жылы жаздың басында "Манчестер Ситиге" ауысты.

Ұлттық құрамада

2011 жылы 11 қазанда ЕУРО-2012 іріктеу матчы Бельгиямен ойында тұңғыш рет Германия құрамасы сапында алаңға шықты.

2012 жылғы Еуропа чемпионатына қатысып, күміс жүлдегер атанды.

Жарақаттарының кесірінен 2014 жылғы әлем чемпионаты мен 2016 жылғы Еуропа біріншілігіне бара алмады.

2018 жылғы әлем чемпионатына қатысты.

2024 жылғы Еуро Илкай үшін сәтті басталды. 2-ші тур кездесуі аясында Мажарастан құрама командасына қарсы нәтижелі пас беріп, гол соғып, ойынның үздік ойыншысы атанды.[2]

Жетістіктері

«Боруссия Дортмунд»
«Манчестер Сити»
 Германия

Дереккөздер

Сілтемелер