Игорь Оттович Кистер

Игорь Оттович Кистер (10 маусым 1965 жыл, Ақтөбе облысы) — КСРО-лық және қазақстандық футболшы, қорғаушы.

Игорь Оттович Кистер Футбол
Жалпы мағлұмат
Туған күні

10 маусым 1965 (1965-06-10) (59 жас)

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақстан

Бойы

182

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Клуб карьерасы[* 1]
1982—1988Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Актюбинец111 (4)
1988—1989Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Қайрат11 (0)
1990—1997Кеңестік Социалистік Республикалар ОдағыҚазақстан Ақтөбе223 (11)
1997  Қазақстан Қайсар-Харрикейн11 (1)
1998Қазақстан Қайрат-СОФК3 (0)
2000Қазақстан Ақтөбе-Ленто8 (1)

Карьерасы

Футболшы

1983 жылы КСРО екінші лигасындағы "Актюбинец" клубында кәсіпқой карьерасын бастады. Тұңғыш ойынын сол жылы 10 тамызда "Тракторға" қарсы өткізді. Бұл ойында ақтөбеліктер 0:1 есебімен ұтылып қалды.

1988 жылы "Қайрат" клубына ауысты, КСРО жоғары лигасындағы тұңғыш ойынын 9 тамызда "Зенитке" қарсы өткізді, Бұл матчта Кистер 90 минут толық ойнады, ал ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Маусым қорытындысында "Қайрат" бірінші лигаға түсіп қалды, бірақ КСРО футбол федерациялары кубогында топ жарды. Бұл турнирде Кистер төрт кездесуде алаңға шықты, Мәскеудің "Динамосының" қақпасына ойын тағдырын шешкен жалғыз голды соқты.

1989 жылы бірінші лигада ойнаған "Қайрат" сапында төрт кездесуде ғана алаңға шықты. Маусым ортасында "Ақтөбеге" қайта оралды.

1997 жылы "Қайсарға" жалға берілді.

1998 жылы тоғыз жылдық үзілістен соң бірінші лигаға түсіп қалған "Қайратта" ойнады.

2000 жылы "Ақтөбеде" ойнап, карьерасын аяқтады.

Кейінгі карьерасы

Кейін төрешілікпен айналысты, ал 2003 жылы ФИФА дәрежесіндегі төреші мәртебесін алды.

2014 жылы "Ақтөбе" клубының бапкер көмекшісі қызметін атқарды. 2011-12 және 2018 жылдары клуб басшысы қызметіне тағайындалды. 2013 жылдан бері клубтың спорттық директоры[1].

Дереккөздер

Сілтемелер