Ивано-Франковск

Ивано-Франковск (укр. Івано-Франківськ; 1962 жылға дейін — Станислав) — Украинаның батысындағы қала, Ивано-Франковск облысының, Ивано-Франковск ауданының және Ивано-Франковск қалалық қауымдастығының әкімшілік орталығы. Облыстық маңызы бар қала, Ивано-Франковск облысының әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы.

Облыс орталығы
Ивано-Франковск
Іва́но-Франкі́вськ
ТуЕлтаңбасы
ТуЕлтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Украина

Облыс

Ивано-Франковск

Аудан

Ивано-Франковск

Тарихы мен географиясы
Координаттары

48°55′22″ с. е. 24°42′38″ ш. б. / 48.92278° с. е. 24.71056° ш. б. / 48.92278; 24.71056 (G) (O) (Я) 24°42′38″ ш. б. / 48.92278° с. е. 24.71056° ш. б. / 48.92278; 24.71056 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1662

Алғашқы дерек

1662

Бұрынғы атаулары

1772 дейін — Станиславов,
1918 дейін — Станислав,
1939 дейін — Станиславов,
1962 дейін — Станислав

Жер аумағы

83,73 км²

Орталығының биiктігі

244 м

Климаты

қоңыржай климат

Уақыт белдеуі

UTC+2

Тұрғындары
Тұрғыны

229 447 адам (2023)

Тығыздығы

3507 адам/км²

Агломерация

560,1 мың адам

Ұлттық құрамы

украиндар, орыстар, поляктар, т.б.

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+380 342

Пошта индекстері

76000, 76030

Автомобиль коды

AT, КТ / 09

mvk.if.ua

Ивано-Франковск картада
Ивано-Франковск
Ивано-Франковск

Географиясы

Украинаның батысында Польша, Румыния, Мажарстан, Словакия шекараларынан 150–300 км қашықтықта орналасқан. Тауларға жақын орналасқандықтан, қала Карпаттың шығыс «қақпасы» деп аталады. Ивано-Франковск қаласынан Надворнянский бағытында екі жарым сағаттық жолда Украинадағы ең биік тау — Говерла (биіктігі 2061 метрден астам) бар.

Солтүстік-шығысында қаланы көркем төбелер — Вовчинец таулары қоршап жатыр, олардың орташа биіктігі теңіз деңгейінен 300–350 метр. Ивано-Франковск екі өзеннің сағасында орналасқан — Быстрица Солотвинская және Быстрица Надворнянская.[1]

Жер бедері ормандарға өте бай. Мұнда емен, шамшат, шырша, самырсын және басқалары өседі.

Тарихы

Станиславов қаласы (алғашқы атауы) туралы алғашқы деректер 1662 жылдан басталады. Оны поляк магнаты Анджей Потоцкий салған, ол қалаға әкесі Гетман Станислав Потоцкийдің құрметіне атаған. Сонымен қатар Анджей бекіністі үлкен ұлы Станиславтың құрметіне атады деген де нұсқа бар. Сол 1662 жылы қалаға Магдебург құқығы берілді, сонымен қатар ол өз елтаңбасына ие болды.

Станиславов, 1915 жыл

Қала-бекініс татарлар мен казактардан қорғану үшін бекініс мақсатында салынған, сонымен қатар Потоцкийлер отбасының қорғаны болған. 1802 жылы қала тарихының бастауы болған бекініс жойылды. Сән-салтанат пен ұлылықтың символы болған Потоцкий резиденциясы бүгінгі күнге дейін сақталмаған, кейінірек ол әскери госпиталь ретінде қайта салынды.

Сонымен қатар, барлық маңызды оқиғалар өткен базар алаңындағы Ратуша қала символы болып табылады. Мұнара, өкінішке орай, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде аман қалмады және оның қазіргі нұсқасы 1928 жылы ашылды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ратуша өзінің негізгі функциясын — муниципалды кеңесті орындауды тоқтатты және онда тарихи-өлкетану мұражайы ашылды. Оның басты экспонаты — галисия князі Ярослав Осмомыслдың саркофагы (1187).

Қаланың тарихын оның көптеген ғимараттары, ескерткіштері мен шіркеулері, сонымен қатар бүкіл көшелері мен кварталдары баяндайды. Тарас Шевченко көшесінде 1918–1919 жылдары Батыс Украина Халық Республикасының Үкіметі жұмыс істеген ғимараты "Украин үйі" деп аталады, ал қаланың өзі алты айға жуық ЗУНР астанасы болды.

Қала 1962 жылы қаланың құрылғанына 300 жыл толуына орай Іван Франконың құрметіне аталып, Ивано-Франковск атауын алды.[2]

Климаты

Ивано-Франковск қаласының климаты қоңыржай салқын климатқа жақын. Ивано-Франковскіде жауын-шашын тіпті ең құрғақ айда да болады. Орташа жылдық температура 8,6°C. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 778 мм.

Шілде — жылдың ең жылы айы. Шілденің орташа температурасы 19,5°C. Жылдың ең төменгі орташа температурасы қаңтарда болады, ол -3,2°C шамасында.

Салыстырмалы ылғалдылығы жоғары ай — қараша (81,54%). Салыстырмалы ылғалдылығы ең төмен ай — сәуір (68,36%). Ең жауын-шашынды ай — шілде (14,30 күн). Ең аз ай — қазан (8,97 күн).[3]

Ивано-Франковск ауа райы
КөрсеткішҚаңАқпНауСәуМамМауШілТамҚырҚазҚарЖел
Орташа максимум, °C−0,31,66,814,118,92223,823,618,712,97,21,8
Орташа температура, °C−3,2−1,82,59,114,317,719,519,114,38,73,8−0,9
Орташа минимум, °C−6,2−5,2−1,93,78,812,714,714,29,94,90,8−3,6

Халқы

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ивано-Франковск қаласының тұрғындары (тұрақты тұрғындары) 229 447 адамды құрайды.[4]

Ивано-Франковск — Украинадағы 425 қаланың бірі және халық саны бойынша Украинада 28-орында.[5]

2011 жылдан 2023 жылға дейінгі Ивано-Франковск қаласындағы халық саны[6]
201120122013201420152016201720182019202020212022
224 585224 660226 018227 030228 575230 929233 360235 355236 602237 686237 855238 196

Өнеркәсібі

Қала экономикасы материалдық өндірістің кең ауқымды салаларымен ұсынылған: өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс т.б. Қала экономикасының негізгі салалары тамақ және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, туризм. Өнеркәсіп жалпы жұмыспен қамтылғандардың шамамен 15% алады және 536 өнеркәсіптік кәсіпорынмен ұсынылған, оның 50-ден астамы ірі болып табылады.

Ивано-Франковск өнеркәсібі машина жасау, металл өңдеу, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары өнеркәсібі кәсіпоры жұмыс жасайды. Қаланың шетінде өнеркәсіп кәсіпорындары, ал оның орталық бөлігінде әлеуметтік-мәдени мекемелер, әкімшілік және банк мекемелері орналасқан.

«Ивано-Франковск арматура зауыты» АҚ — кәсіпорын Украинадағы құбыр клапандарының әртүрлі түрлерінің жетекші өндірушілерінің бірі болып табылады. Оның өнімдерін мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындары, химия кәсіпорындары, энергетика және сумен жабдықтау кәсіпорындары пайдаланады, металлургия өнеркәсібінің жұмысында да сұранысқа ие. Аумағы 60 мың м2 болатын зауыттың құрылысы 1968 жылы басталып, 1971 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілді.[7]

Ивано-Франковсктағы сыра зауыты, XVIII ғасыр

Өндірістік құрылғылар зауыты (Промприбор) — «промприбор» қоғамдық акционерлік қоғамы – тауарлық газды есепке алу, бақылау-өлшеу жабдықтарын, автоматика құралдары мен мұнай және газ ұңғымаларын зерттеуге арналған аспаптарды шығаратын көп салалы аспап жасау кәсіпорны.[8]

«Радиозавод» АҚ — 1977 жылы әскери-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорны ретінде негізі қаланған ол бұрынғы КСРО Қорғаныс министрлігінің қажеттіліктері үшін арнайы техника шығаруға маманданған. Жалпы өндіріс көлемі 83398 м. Кәсіпорынды құру 1977 жылы басталды, 1979 жылы Карпат радиозауыты іске қосылды.

Кәсіпорынның негізгі қызметі радиоэлектрондық құрал-жабдықтарды (акустикалық жүйелер, радиоқабылдағыштар, магнитофондар және т.б.) шығару болды. 1990 жылы Карпат радиозауыты Қарпаты өндірістік бірлестігіне айналды.[9]

Ивано-Франковск локомотив жөндеу зауыты — 1866 жылы Львов-Черновцы темір жолының Станислав машина жасау шеберханасы ретінде құрылды. 1944 жылы ол локомотив жөндеу зауыты болып өзгертілді. 1962 жылы қала атауының өзгеруіне байланысты зауыт Ивано-Франковск деп аталды. 1975 жылдан - Локомотив жөндеу зауыты. Зауыт TGM3, TGK2, M62, TGM4, TGM6, TGM23, 2TE10L сериялы тепловоздарды жөндеумен, олардың агрегаттарын шығарумен және олардың қосалқы бөлшектерін жасаумен айналысады.[10]

Аталған кәсіпорындардан басқа, «Позитрон» АҚ «Родон», «Карпатпрессмаш» АҚ, «Карпатлитмаш» АҚ, спирт зауыты, жиһаз фабрикасығ «Индуктор» АҚ, «Пищевкусовая фабрикасы» АҚ, Electrolux кір жуғыш машиналар зауыты, Tyco Electronics автомобиль кабельдер зауыты, ONDO табиғи цемент-құмды плиткаларды шығаратын зауыт т.б. жұмыс жасайды.

Транспорты

Темір жол вокзалы
Әуежай

Ивано-Франковск қаласы Украинаның көптеген облыс орталықтарымен, сондай-ақ басқа елдермен теміржол, автобус және әуе қатынастарын орнатқан.[11]

Ивано-Франковск халықаралық әуежайы — Ивано-Франковск пен Ивано-Франковск облысының аймағына қызмет көрсететін халықаралық әуежай. Әуежай "Б" класына жатады, ол халықаралық рейстер мен жергілікті жолаушыларға қызмет көрсетеді. Әуежай бір жолаушылар терминалынан (аэрокзал), аэродромнан, МиГ-29 истребительдеріне арналған отыздан астам ангарлардан, диспетчерлік мұнарадан, жанармай базасынан және басқа құрылымдардан тұрады.[12]

Ивано-Франковск теміржол вокзалы — Теміржол вокзалы Станислав қаласында (Ивано-Франковск қаласының бұрынғы атауы) 1866 жылы салынған. Ашылғаннан кейін үш жыл өткен соң, пойыз алғаш рет Харьков арқылы өтті. Вокзал қаланы электрлендіру тарихына электр шамымен жарықтандырылған алғашқы ғимарат ретінде енді. Мұнда алғашқы шамдар 1897 жылы 13 қаңтарда жанды. Қазіргі уақытта теміржол вокзалынан Киев, Одесса, Ужгород, Львов, Харьков, сонымен қатар қала маңындағы маршруттар мен шетелге қатынастар бар.[13]

Ивано-Франковск автовокзалы — Автовокзал ғимараты — ескі үлгідегі бір қабатты ғимарат (вокзалдардың көпшілігі Кеңес Одағы кезінде 1980 жылдардың ортасында салынған). Ғимарат жолаушыларға қызмет көрсетудің стандартты кешенін ұсынады: шағын күту залы, билет кассалары, жұмыс үшін багаж қоймасы бар.

Ивано-Франковск арқылы қала маңындағы, қалааралық және халықаралық бағыттағы автобустар жүреді. Варшава, Прага, Рига және басқа да Еуропа қалаларына жолаушыларды тасымалдау арқылы жүзеге асырылады.[14]

Театрлары

Облыстық филармония

Иван Франко атындағы облыстық академиялық музыкалық-драма театры — 1939 жылы желтоқсанда өзінің 1-театрлық маусымын А. Корнейчуктың «Платон Кречет» спектаклімен бастады. Бұл Галициядағы кезбе театрлардың негізінде құрылған Карпат аймағындағы алғашқы кәсіби украиндық театр болды.[15]

М.Подгорянка атындағы қуыршақ театры — Украинадағы ең көне балалар театрларының бірі. Қазір театр репертуарында балалар мен жасөспірімдерге арналған 50-ге жуық спектакль бар. 1991 жылдан бастап қуыршақ театрына жергілікті ақын Марийка Подгорянка есімі берілді.[16]

Ира Маланюк атындағы Ивано-Франковск облыстық филармониясы — Леси Курбас көшесі, 3 мекенжайында орналасқан Ивано-Франковск қаласындағы мемлекеттік концерттік ұйым, 1940 жылы құрылған. Бастапқыда ол музыкалық-драма театрымен бір сахнада өнер көрсетті. 1980 жылы музыкалық-драма театры жаңа ғимаратқа көшті.[17]

Мұражайлары

Ивано-Франковск өлкетану мұражайы — Мұражай 1940 жылғы 1 мамырдан бастап жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мұражайда табиғат, тарих, халық шығармашылығы, археология бөлімдері бар. Бүгінгі күні мұражай қорында 120 мыңнан астам экспонат бар, олар жаңа экспозиция мен стационарлық көрмелерді құруға негіз болуда.[18]

Ивано-Франковск облыстық өнер мұражайы

Ивано-Франковск облыстық өнер мұражайы — Карпат аймағының бейнелеу және халық өнерінің құнды қазынасы. Мұражай қоры құнды және алуан түрлі. Оған көптеген галисия икондық картиналары, барокко мүсіндері, поляк, итальяндық, неміс және австриялық суретшілерінің картиналары, Львов пен Почаевте шыққан ескі кітаптар, сондай-ақ украин халық өнерінің құнды туындылары кіреді.[19]

Прикарпатья әдеби мұражайы — Прикарпатье әдеби мұражайы 1986 жылғы 16 мамырда құрылды. Оның алғашқы экспозициясы Иван Франконың туғанына 130 жыл толу тойланатын жылы ашылды. Қазіргі экспозиция объективті түрде Карпаттың әдеби дамуының барлық кезеңдерін қамтиды.[20]

Олекс Довбуштың тарихи-мемориалдық мұражайы — Олекса Довбуштың тарихи-мемориалдық мұражайы 1995 жылы әйгілі тарихшы Владимир Грабовецкийдің жеке коллекциясы негізінде құрылды, ол 50 жыл бойы XVI–XIX ғасырлардағы опришкилердің Карпат көтерілісшілерін және құлдықтағы шаруаларды азат ету үшін күрескен аңызға айналған батыр Олекса Довбуштың өмірін зерттеді. Шағын мұражай экспозициясы негізінен құжаттар мен картиналардан, сондай-ақ кейбір этнографиялық материалдардан тұрады.[21]

Білім беру ісі

5–7 жыл бұрын мектептердегі оқуды және қазіргі жағдайды салыстыра отырып, белгілі бір прогресті байқауға болады, әсіресе технологияда, әлеуметтік тәрбиешілерді, психологтарды мектеп процесіне тартуда жетістіктер бар.

Ивано-Франковск ұлттық мұнай және газ техникалық университеті
Ивано-Франковск ұлттық медициналық университеті

Ресейдің Украинаға толық шабуылының басталуымен мектептер қашықтықтан оқыту формасына көшуге мәжбүр болды. Осы уақыт ішінде мектептер әскери жағдай кезінде қауіпсіз оқу жағдайларына мұқият дайындала бастады және басты мақсат әуе дабылы болған жағдайда барлық балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық бомба баспаналарын жабдықтау болды.

Университеттер, әсіресе олар Польша, Аустрия, Германия, Мажарстан университеттерімен белсенді қарым-қатынас жасай бастайды. Бұл оқу сапасына өте жақсы әсер етуде. Оқытушылар мен студенттер құнды тәжірибе жинақтауға, ортақ нәрселерді көруге, қызықты білім беруге көмектеседі.[22]

  • В.Стефаник атындағы Прикарпатье ұлттық университеті — Украинадағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі, 1940 жылы құрылған. Аймақтың дамуына және адами капиталдың қалыптасуына әсер ететін халықаралық деңгейдегі заманауи бәсекеге қабілетті білім және ғылым орталығы.[23]
  • Ивано-Франковск ұлттық мұнай және газ техникалық университеті — Украинадағы алғашқы университеттердің бірі болып Халықаралық студенттер алмасу және тағылымдама қауымдастығының (IAESTE) мүшесі болды. 1990 жылдан бастап экономика студенттері Экономика және менеджмент бойынша (AIESEC) оқитын студенттер мен жас мамандардың халықаралық қауымдастығының мүшесі болды.[24]
  • Ивано-Франковск ұлттық медициналық университеті — 1945 жылы құрылған Украинадағы ең көне және жетекші медициналық университеттердің бірі. Біліктіліктің жоғары деңгейі университет түлектеріне әлемнің көптеген елдерінде табысты жұмыс істеуге, ғылым мен практикалық денсаулық сақтауда үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Олардың арасында ғалымдар, денсаулық сақтау саласының жетекшілері, еңбек сіңірген дәрігерлер бар.[25]
  • Ивано-Франковск заң университеті — Украинаның көрнекті жоғары оқу орны, оның шекарасынан тыс жерлерде танымал. Университеттің күшті дамыған ғылыми-зерттеу және материалдық-техникалық құрылымы бар.[26]

Спорт

«Рух» қалалық орталық стадионы

Спорттық клубтары

  • «Спартак» (укр.) (1940–2007) — бұрынғы футбол клубы
  • «Прикарпатье» (укр.) — футбол клубы
  • «Ураган» — минифутбол клубы
  • «БК Говерла» — баскетбол клубы
  • «БК Франковск» — баскетбол (әйелдер) клубы
  • «Ватра» — хоккей клубы
  • «HATERS» — пейнтбол клубы.

Спорт ареналары

  • «Рух» қалалық орталық стадионы — Ивано-Франковск қаласының орталық стадионы. 1909 жылы ашылған. Стадион Бірінші Лигадағы «Прикарпатье» клубының аренасы болды. «Спартак» та осы стадионда ойнады. Бұған дейін стадион «Кристалл» деп аталған.
  • «Жастар» стадионы — Ивано-Франковск облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебінің оқушылары үшін оқу-жаттығу сабақтарын өткізу мақсатында салынды. Мұнда футболдан және жеңіл атлетикадан бүкіл украиналық жарыстар өтеді.
  • «Пожарный» стадионы — Стадион аумағына: футбол (регби) алаңы 110х60 м; жеңіл атлетика жүгіру жолы 400х5 м, жағажай волейбол алаңы 22х11 м, 500 орындық трибуна, биіктігі 10 м, 115х6 м жеңіл атлетика жолы бар жабық манеж кіреді. Төтенше жағдайлар министрлігінің жарыстары мен мерекелік іс-шаралары, регбиден Ивано-Франковск кубогы халықаралық турнирі өткізілуде.
  • «Наука» стадионы — Стадион 1943 жылы салынған. Стадионның алғашқы атауы «Сокол» болды. 1990 жылдары стадион Прикарпатия университетінің меншігіне өтіп, «Наука» деп аталды. Қазіргі таңда облыстық және жалпы украиналық деңгейдегі жарыстар өткізіледі.[27]

Дереккөздер