Закир Наик

Закир Абдул Кәрім Наик (урду: ذاکر عبد الکریم نائیک‎; 18 Қазан 1965 туған) — Үндістан Ислам миссионері, Бейбітшілік телеарнасының негізін салушы.[4] Ислам Зерттеу Қоры бей-коммерциялық мекемесі Біріккен Араб Әмірліктерінде, Дубай қаласында негізін қалаған Бейбітшілік телеарнасында көптеген адамдармен тікелей эфирде сөйлеуіне байланысты телеэвангелист деген атауғы иеленді.[5][6] Бірнеше діни кітаптар авторы.

Закир Абдул Кәрім Наик
урду: ذاکر عبد الکریم نائیک
Сурет
Мальдив Республикасындағы Закир Наик, 2010
Жеке мағлұмат
Туған күні

18 қараша 1965 (1965-11-18) (58 жас)

Туған жері

Мумбаи,  Үндістан

Азаматтығы

Үндістандық

Тұратын мекені

 Үндістан

Мамандығы

оратор, дәрігер

Жұбайы

Фарһат Наик[1]

Сайты

http://zakirnaik.com/

Ютуб
Арна

Dr Zakir Naik

Жанры

Исламдық

Жазылушы

3.2 миллион[2] (3.06.2022)

Қаралым

216 миллион[3]

Батырмалар
100,000 жазылушы2018
1,000,000 жазылушы2019

Дәл қазір Үндістан үкіметімен доктор Закир Наик қашқын болып танылады, оны Ұлттық Тергеу агенттігі лаңкестерді қаржылау, араздықты қоздыру және ақшаны жылыстатумен айыптайды, және ол 2016 жылы елден қашуға мәжбүр болды. Араздықты қоздыру заңдарының негізінен оның бағдарламаларына Үндістанда, Бангладеште, Канадада, Шри Ланкада және Ұлыбританияда тыйым салынған.[7][8]

Өмірбаяны

Закир Адбул Кәрім Наик 1965 жылы 18 қазан күні, Үндістанда, Мумбаи қаласында дүниеге келген. Әкесі — Абдул Кәрім Наик және анасы — Рошан Наик. Мумбаи Университетінде медицина мамандығын оқымай тұрып, Кишинчанд Челларам Колледжінде, одан бұрын Топивала Ұлттық Медикалық Колледжінде тәлім алды. Мумбай Университетін Медицина және Хирургия бакалавриаты дәрежесімен бітіріп шығады (ағылш. MBBS).[4] Жұбайы Фарһат Наик бүгінгі күнде Ислам Зерттеу Қорының әйелдер бөлімінде еңбек етеді.[9]

Фарһад Наикпен Фариқ Наик[10], Зикра Наик және Рушдаа Наик атты үш балалары бар.


Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер