Жәннәтпен сүйіншіленген он сахаба

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту
Осман сөзінің арабша жазылуы, Стамбұл, Айя София
Мұхаммед (оң жақта) және Әли (сол жақта) сөздерінің арабша жазылуы

Ашарату мубашшара, (арабша: العشرة المبشرون بالجنة) - көзі тірісінде жәннатпен сүйіншіленген Мұхаммед пайғамбардың он сахабасы. Ашарату мубашшара терминологияда он сахабаға қолданылатын термин.[1]

Олар жайлы хадисте

қайнарын өңдеу

Мұхаммед пайғамбар хадисінде былай деген[2]: "Мына кісілер Жәннатқа кіреді:

  1. Әбу Бәкір,
  2. Омар,
  3. Осман ибн Аффан,
  4. Әли ибн Әбу Талиб
  5. Зүбәйір ибн Әууәм,
  6. Талха ибн Ұбайдуллаһ,
  7. Сағд ибн Әбу Уаққас,
  8. Әбу Ұбайда ибн Жаррах,
  9. Абдуррахман ибн Ауф
  10. Сағид бин Зәйд [3][4][5][6][7]

Басқада сүйіншіленген сахабалар болған

қайнарын өңдеу

Көзі тірісінде Жәннәтпен сүйіншіленген осы он кісіден бөлек басқалар да бар. Алайда есімдері бірге аталған сахабалар осылар. Аттары аталмаған басқа сахабалар жәннатқа кірмейді деген сөз емес. Өйткені сахабаларға Аллаһ тағала разы екендігін білдіретін Құранда көптеген аяттар бар.[8]. Демек, Аллаһ тағала разы болған құлдарын Жәннатқа кіргізері сөзсіз. Алайда, жоғарыда атап кеткендей, олардың арасынан да дәрежелері әр түрлі сахабалар ұшырасады. Бұл сахабалардың көз тірісінде Жәннатпен сүйіншіленуінің өзіндік бірнеше себебі бар: Кей уақытта жасалған істің басқа кезде жасалған істерден артықшылығы болады. Бұл сахабалар Исламның алғашқы қиын-қыстау кезеңінде мұсылмандықты қабылдады. Пайғамбар Меккеде Исламды уағыздай бастаған алғашқы кезде (өзгелердің теріс айналғандарына қарамастан), олар Құранның әмірлеріне құлай сеніп, мойынсұнды. Қауіп-қатерге толы сол күндері көзсіз ержүректілік танытқандар болмаса, мұсылман болуға кез келгеннің батылы бара бермейтін. Хазірет Әбу Бәкір: “Басымызды өлімге тікпейінше сыртқа шығуға да, бір жерге кіруге де жүрексінетінбіз”,–деуі арқылы сол күндердің көз көрген қиыншылығынтілге тиек еткен.

Бұлардың ешқайсысы алған бетінен қайтпай, Пайғамбардың жан серіктері болып, Исламды шынайы көңілмен қабылдап, өмірлерінің соңына дейін қасиетті жолдан бас тартпады. Олардың барлығы Аллаһ тағала тарапынан әмір түскен кезде бала-шаға, мал-мүліктен айрылып қалу қаупіне қарамастан, қиындыққа көз жұмып, тәуекелге бел байлап һижрет етті. Бұлардың арасында шетелдермен қатынасып саудамен айналысарлықтай аса бай Абдуррахман ибн Ауфтың бәрін тастап Мәдинаға көшіп келгенінде, өмірін қайта бастауына тура келгендігін айта кету керек. Демек, олар бір ғана мақсатты көздеді: тек қана Аллаһтың разылығына бөлену.

Жәннатпен сүйіншіленген бұл он кісінің ортақ ерекшеліктерінің бірі – ел тізгінін ұстай алатын парасаттылықты иеленуі. Әу бастағы төрт халифаның өмірі бұған дәлел. Хазірет Пайғамбардың “Үмбетімнің сенімдісі” деген марапатына ие болған Әбу Ұбайданың бойында әйгілі қолбасшы Халидті он орап аларлық парасаттылық бар еді. Міне, осындай қабілеттеріне, дара қасиеттеріне қарамастан Пайғамбарға еруі – ардақтылықтың үлгісі болатын. Аты аталған тұлғалардың бәрі текті жерден шыққан. Хазірет Әлидің әкесі аса дәулетті болмаса да, Меккеде сөзі өтетін беделді кісілердің бірі еді. Исламның болашағы бұлдыр тартып тұрса да байлық пен шеншекпенге көз сатпай, бастарын қатерге тіккендігі үлкен жанқиярлықтың белгісі емей немене?! Олардың ешбірі дүниеге бас имеді. Керек жерінде Хазірет Осман бес жүз түйені үстіндегі жүгімен қоса садақаға берсе, Абдуррахман ибн Ауф дүниесінің ауырлығынан Жәннатқа кірерде кеш қалатынын естіп, қолындағы бар затын көзі қиып, тегіс Аллаһтың ақ жолына жұмсай білді.

Исламның аяғын тәй-тәй басқан алғашқы кезеңінде қиындыққа кеудесін тосушылардың бірі болуы олардың дәрежесін басқалардан ерекшелеп жоғары көтерді. Бұлардың ішінен дәрежесі жағынан төрт халифа ең алда келеді. Ендігі жерде солардың өмірлеріне қысқаша тоқталу арқылы сахабалардың дәуірі, олардың сіңірген еңбектері жайлы мәлімет беруге тырысамыз.[9]

туған, қайтыс болған жылдары

қайнарын өңдеу
Жәннатпен сүйншіленген он сахабаның туған, қайтыс болған жылдары [10]
ЕсімдеріАрабша жазылуытуған жылы   Қайтыс болған жылы    
Әбу Бәкірأبو بكرc. 570634
Омарعمر بن الخطّاب584644
Осман ибн Аффанعثمان بن عفّانc. 579656
Әли ибн Әбу Талибعلي بن أﺑﻲ طالبc. 599661
Талха ибн Ұбайдуллаһطلحة بن عبيد اللهc. 597656
Зүбәйір ибн Әууәмالزبير بن العوّام594656
Абдуррахман ибн Ауфعبد الرحمن بن عوف?c. 652
Сағд ибн Әбу Уаққасسعد بن أبي وقّاص595664
Әбу Ұбайда ибн Жаррахأبو عبيدة بن الجراح584640
Саид ибн Зәйдسعيد بن زيدc. 594673

Дереккөздер

қайнарын өңдеу

Навигация мәзірі