Жүк автомобилі

Жүк автомобилі - (ағыл. truck) шанағы ернеулі платформа не арнайы шанақты (цистерна,фургон) жүк таситын көліктік автомобиль.[1]

Жартылай тіркемелі тартқыш жүк автомобилі
Daimler-Lastwagen, 1896

Ең алғаш іштен жану қозғалтқышты жүк автомибилі 1896 жылы Даймлер кәсіпорны тарапынан құрастырылса, дизельдік қозғалтқыштысын Бенц фирмасы 1923 жылы шығарған.

Тартқыштар

Жартылай тіркемелі тартқыш
Автопойыз

Магистральді тартқыш-автомобильдер автопойыз құрамында , яғни бір немесе одан да көп тіркеме немесе жартылай-тіркеме көмегімен жүк тасымалдауға арналған. Жартылай-тіркемелермен жұмыс істейтін ершікті тартқыштар шанақ орнына арнайы ершікті (ер тоқымды) құрылғымен жабдықталады. Бұл өз кезегінде, тіркемелік құрамды жылдам алмастыруға мүмкіндік береді.

Галерея

Дереккөздер