Жуантамыр

Жуантамыр (лат. Rindera) – айлауыктар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның тау баурайлары мен тасты шатқалдарында, далалы аймақтары мен құмды жерлерінде өсетін 6 түрі бар, соның ішінде өте сирек кездесетін, эндемик түрі – ақсары жуантамыр (R. ochroleuca). Биіктігі 60 см-дей. Ұзынша жапырақтары (ұзындығы 20 см, ені 3 см-дей) қырлы, тік сабағының түбінде орналасады. Тостағанша және күлте жапырақтарының негізі кірігіп, түтік түзеді. Гүлі ақсары түсті. Гүлшоғыры жұмсақ, бос, толық жетілгенде жазылып, сыпыртқы гүл шоғырына ұқсап тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. Жемісі – 4 жаңғақша. Ақсары Жуантамырдың жылдан-жылға таралу аймағының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]

Жуантамыр
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Қос жарнақтылар
(unranked)Asterids
Сабы:Incertae sedis
Тұқымдасы:Boraginaceae
Кіші тұқымдасы:Boraginoideae
Тегі:Rindera
Pall.
түрлері

28 түрі белгілі

Дереккөздер