Жасмин Томпсон

Жасмин Ин Томпсон (ағылш. Jasmine Ying Thompson;  8 қараша 2000) — британдық әнші және ағылшын-қытай тектес әндердің авторы. 2010 жылы хиттердің кавер-нұсқаларын шығарып, кейін Робин Шульцтің (продюсер) көмегімен дип-хаус стиліндегі "Sun goes down" атты әнді орындағаннан соң үлкен танымалдылыққа ие болды. Бұл ән Аустралия, Германия, Аустрия, Швейцария құрамындағы бірнеше мемлекеттердің "ТОП-10" чартына ілігіп кетіп, бүкіл Әлемге жайылды. 

2015 жылы әншінің  YouTube-тағы арнасы 1,8 млн-нан астам жазылушыларды жинап, 220 миллионнан астам рет қаралды. Оның Чаки Ханның "Ain ' t Nobodyruen" әніне акустикалық кавері Ұлыбританияның синг чарттарында 32-орынға көтеріліп, кейін Sainsbury's супермаркеттер желісінің жарнамасында қолданыс тапты.

Диджей Феликс Йеннің  осы каверге жасаған 2015 жылғы ремиксі супер-хитке айналып, Ұлыбритания чарттарында 2-орынға дейін көтерілді. Ал оның ғаламтордағы бейнеролигі 100 миллионнан астам рет қаралды.


2013: Bundle of Tantrums

2013 жылдың шілде айында Жасмин Naughty Boy-дың "La La La" әніне каверін шығарды. Тамыз айында ол тағы 3 кавер жазды: Тейлор Свифттің "Everything has changed" (Джеральд Комен дуэтте), Passenger-дің "Let Her Go" әніне және Дэвид Геттаның "Titanium" туындысына. Тура сол жылдың қыркүйегінде Жасмин өзінің дебюттік Bundle of Tantrums атты альбомын жарыққа шығарды, ал оның ішінде "La La La", "Let Her Go", "Titanium" сияқты синглдер болды. 2013 жылдың қыркүйегінде әнші Чаки Ханның "Ain't nobody" әніне каверін жазды. Бұл әннің ендігі жаңа нұсқасы Sainsbury's супермаркеттер желісінде ойналып, UK Singles Chart-та 32-орынды иеленді. 2013 жылдың қазанында Жасмин Under the Willow Tree атты мини-альбомын шығарды. Оның ішіндегі "Run" өлеңі тек [[Ұлыбритания]]да ғана емес, [[Америка Құрама Штаттары]]нда да үлкен жетістікке жетті.

2014 - осы шақ: Another Bundle of Tantrums

2014 жылдың 20 сәуірінде әнші өзінің "Another Bundle of Tantrums" атты екінші студиялық альбомын шығарды. Ол UK Albums Chart-та 126-орынға ие болды. 2014 жылдың қыркүйегінде Жасминнің "Everybody Hurts" өлеңіне жазған кавері "Ист-Энд Тұрғындары" сериалының күздік трейлерінде BBC компаниясымен қолданылған еді. 

2015 жылдың 25 мамырында Жасмин өзінің Facebook парақшасында Atlantic Records лейблымен келісімшартқа отырғаны туралы мәлімдеді. Кейінірек осы лейбл астында Жасминнің бірінші синглі - "Adore" жарық көрді. 2015 жылы неміс продюсері және диджей Jaehn Феликс Йен  "Ain't Nobody" ремиксін шығарды. Бұл трек әлемдік хитке айналып, Аустрия, Германия, Венгрия, Израиль, Нидерланддағы чарттардың алдыңғы қатарларын алып, Бельгия, Дания, Финляндия, Франция, Румыния, Швеция және Швейцария сияқты елдердің чарттарында алғашқы ондық қатарына кірді. 

Дискографиясы

Студиялық альбомдар

АтауыБөліктеріЧарттардағы позиция 
UKUS Heat
Bundle of Tantrums[1]
  •  6 қыркүйек 2013 шығарылды
  • Лейбл: N/A (тәуелсіз)
  • Формат: Сандық дистрибуция
1608
Another Bundle of Tantrums[2]
  • 20 сәуір 2014 шығарылды
  • Лейбл: N/A (тәуелсіз)
  • Формат: Сандық дистрибуция
1269

Мини-альбомдар

АтауыБөліктері
Under the Willow Tree[3]
  • Шығарылды: 20 қазан 2013
  • Лейбл: N/A (тәуелсіз)
  • Формат: Сандық дистрибуция
Take Cover[4]
  • Шығарылды: 9 желтоқсан 2014
  • Лейбл: N/A (тәуелсіз)
  • Формат: Сандық дистрибуция
Adore
  • Шығарылды: 18 қыркүйек 2015
  • Лейбл: Atlantic Records
  • Формат: CD, сандық дистрибуция

Синглдар

Жетекші әртіс ретінде

ЖылАтауыЧарттардағы позицияАльбом
UK

[5]

GER

[6]

IRE

[7]

ITA

[8]

SCO

[9]

SWI

[10]

2013"Ain ' t Nobody"327632
2015"Adore"913439Adore
"Do It Now"[11]
"—" бұл синглдың чарттарға ілікпегендігін немесе шығарылмағандығын білдіреді.

Шақырылған әртіс ретінде

ЖылАтауыЧарттардағы позицияАльбом
UK

[5]

AUS

[12]

AUT

[13]

BEL

(FL)
[14]

BEL

(WA)
[15]

DEN

[16]

FRA

[17]

GER

[6]

IRE

[7]

ITA

[8]

NLD

[18]

SWE

[19]

SWI

[10]

2014«Sun Goes Down»

( Робин Шульцпен бірге)

9473681521162573Prayer
2015«Ain’t Nobody (Loves Me Better)»

Jaehn Феликс Йенмен бірге)

26167221522175
«Unfinished Sympathy»[20]

(The Six-пен бірге)

32
«—» бұл синглдың чарттарға ілікпегендігін білдіреді.

Дереккөздер