Жапон иені

Иена(жапон. эн, қыт. «юань») — Жапонияның ақша бірлігі, әлемнің негізгі резервтік валюталарының бірі. 1 иена 100 сенге (бұл ақшалай бірлік 1954 жылы айналымнан шықты) тең. Халықаралық коды:JPY. Иенаның символы ретінде ¥ белгісі қабылданған. Иенаның алтын және күміс монеталары 1869-1871 жылдары соғыла бастады.

10 000 иен купюры.
Айналымдағы тиындар: 1, 5, 10, 50, 100, 500 иен.

Тарихы

Иенаның ұлттық валютаға айналуына дейін Жапонияда Токугава сегунатының ақшалай жүйесі қолданылды. 1869 жылы алғаш рет соғылған иена Жапониядағы 1871 жылы жүргізілген ақша реформасынан кейін негізгі бірлік ретінде қабылданды. 1871 жылғы үкіметтің шешімімен XVI ғасырдың аяғынан жапон феодалдарының шығарған тайпалық қағаздарын ауыстыру тыйым салынды. Қаржы министрлігінің 1868 жылғы зерттеуіне сәйкес Жапонияда Токугава дәуірі кезінде 244 тайпа, 14 магистрат, сегунның 9 қызметшілері басып шығарған 1694 тайпалық қағаздардың атаулары кездескен. 1879 жылға қарай тайпалық қағаздарды жаңадан енгізілген валютамен алмастыру жұмыстары аяқталды.[1]

Әлемнің қосалқы валютасы ретінде

Сит ил валюталарында халыҡ-ара тупланмалар
1995199619971998199920002001200220032004200520062007200820092010201120122013
USD59,0 %62,1 %65,2 %69,3 %70,9 %70,5 %70,7 %66,5 %65,8 %65,9 %66,4 %65,7 %64,1 %64,1 %62,1 %61,8 %62,3 %61,1 %61,2 %
EUR17,9 %18,8 %19,8 %24,2 %25,3 %24,9 %24,3 %25,2 %26,3 %26,4 %27,6 %26,0 %24,7 %24,3 %24,4 %
DEM15,8 %14,7 %14,5 %13,8 %
GBP2,1 %2,7 %2,6 %2,7 %2,9 %2,8 %2,7 %2,9 %2,6 %3,3 %3,6 %4,2 %4,7 %4,0 %4,3 %3,9 %3,8 %4,0 %4,0 %
YEN6,8 %6,7 %5,8 %6,2 %6,4 %6,3 %5,2 %4,5 %4,1 %3,9 %3,7 %3,2 %2,9 %3,1 %2,9 %3,7 %3,6 %4,1 %3,9 %
FRF2,4 %1,8 %1,4 %1,6 %
CHF0,3 %0,2 %0,4 %0,3 %0,2 %0,3 %0,3 %0,4 %0,2 %0,2 %0,1 %0,2 %0,2 %0,1 %0,1 %0,1 %0,1 %0,3 %0,2 %
Қалғандары13,6 %11,7 %10,2 %6,1 %1,6 %1,4 %1,2 %1,4 %1,9 %1,8 %1,9 %1,5 %1,8 %2,2 %3,1 %4,4 %5,1 %6,3 %6,2 %
Дереккөздер: 1995—2009 МВФ (Халықаралық валюта қоры): Currency Composition of Official Foreign Exchange Reserves
Дереккөздер: 1999—2005, ЕОБ (Еуропаның орталық банкі; 2006): The Accumulation of Foreign Reserves
Дереккөздер: 1999—2005: ЕОБ (Еуропаның орталық банкі; 2005): Review of the International Role of the Euro, Frankfurt

Дереккөздер