Жамансары

Жамансары, ақсары (лат. Buteo buteo) — сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.

Жамансары

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Құстар
Сабы:Сұңқартәрізділер
(немесе Қаршығатәрізділер, q.v.)

Тұқымдасы:Қаршыға тұқымдасы
Тегі:Buteo
Түрі:B. buteo
Екі-есімді атауы
Buteo buteo
(Linnaeus, 1758)
Қою жасыл: Жыл бойы Ақшыл жасыл/көк: ұялайтын/қыстағы ареалы
Қою жасыл: Жыл бойы
Ақшыл жасыл/көк: ұялайтын/қыстағы ареалы
Түршелері

7-10

Buteo buteo


Солтүстік Қазақстанда, Алтай мен Тянь-Шань тауларының орманды алқаптарын мекендейді.

Мекиені қанатының ұзындығы 42-45 см, салмағы 1 кг-нан асады. Қоразы оған қарағанда кішілеу келеді. Қанатының ұзындығы 33-38 см, салмағы 1 кг-ға жетпейді. Дене түсі қара-қоңыр, ұшы қаралау қанаттарының астында ақшыл шұбар дақ болады. Басқа өзіне тектес жыртқыштардан айырмашылығы — құйрығы қысқа, сұр не қоңыр түсті көлденең жолақты келеді. Ұясын ағаш басына салады. Мекиені мен қоразы 3-5 теңбіл түсті жұмыртқаны 1 айдай кезектесіп басып, балапандарын 40 күнде ұядан ұшырады.

Ақсары — жыл құсы. Тамыз — қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Оңтүстік Азия, Африкада қыстайды. Наурыз — мамыр айларында қайта оралады. Ұсақ кеміргіштермен, құстармен, кесірткелермен, бақалармен т.б. жәндіктермен қоректенеді.[2]

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Buteo buteo