Жабал Ерғалиев

Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев[2] (30 қазан 1952 жыл, Қараағаш ауылы, Чкалов ауданы, Көкшетау облысы) — қазақстандық жазушы, журналист, қоғам қайраткері, 2019 жылдан бері Қазақстан Сенаты жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі, 2011–2017 жылдары аралығында Сенат V және VI-шақырылымдарының депутаты.[1]

Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақстан Сенаты жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі
Ту
Ту
20 қыркүйек 2019 жылдан бері
ПрезидентНұрсұлтан Назарбаев
Қасым-Жомарт Тоқаев
Ту
Ту
Қазақстан Сенаты V, VI-шақырылымдарының депутаты
Ту
Ту
2011 — 2017
ПрезидентНұрсұлтан Назарбаев
Ту
Ту
Ақмола облыстық мәслихатының депутаты
Ту
Ту
2007 — 2011
ӘкіміМәжит Есенбаев
Альберт Рау
Сергей Дьяченко
Өмірбаяны
ПартиясыНұр Отан
БіліміКиров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті[1]
Мамандығыжурналист
Дүниеге келуі30 қазан 1955 (1955-10-30) (68 жас)
Қараағаш ауылы, Чкалов ауданы, Көкшетау облысы, Қазақ КСР, КСРО
Марапаттары

Өмірбаяны

Жабал Ерғалиев 1952 жылдың 30 қазанында Көкшетау облысының Чкалов ауданындағы Қараағаш ауылы дүниеге келді.[1]

1979 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

1973 жылдан бұрынғы Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде кіші әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.

1997–2005 жылдар аралығында Көкшетау қалалық «Көкшетау» газетінің бас редакторы болып қызмет істеді.

2005 жылдың 28 қаңтарында Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Ақмола облысының және Көкшетау өңірінің тарихында тұңғыш рет «Көкшетау» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналын шығаруды ұйымдастырды.

2007 жылдың 18 тамызында болып өткен сайлауда Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Депутаттығын 2011 жылға дейін жалғастырды.[1]

Ақмола облысы әкімдігі жанындағы бюджет комиссиясының, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің, Қазақстан халқы Ақмола облыстық Кіші Ассамблеясының, тіл және онамастика жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі.

2011 жылы Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты болды да, 2017 жылы депутаттығын аяқтады.[1]

2014 жылдың 17 қазанынан бері Сенаттың әлеуметтікмәдени даму және ғылым Комитетінің тұрақты мүшесі.[1] 2019 жылдың 20 қыркүйегінде Сенат төрайымы Дариға Назарбаеваның жарлығымен Сенат жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.[3]

Шығармашылығы

Алғашқы әңгімелері 1978 жылы Алматыда жарық көрген жас жазушылардың антологиясында басылып шықты. Кітаптары:

  • «Сөне көрме, жүлдыздар»
  • «Қазақтың Қарасай батыры»
  • «¥лтым менің, үлысым менің»
  • «Хан көтерген ел едік ер үланын»
  • «Бұлтты түнгі толған Ай»
  • «Жол сапар жалғаса береді»

Драмалық шығармалары:

  • «Соңғы тұяқ»
  • «Ескі арба» повестері
  • «Бұлтты түнгі толған Ай»
  • «Тойғандар мен тозғандар».

Бұл екі драмалық шығарманың екеуі де Көкшетаудағы Шахмет Құсайынов атындағы қазақ драма театрының сахнасында сәтті қойылып келеді.

Марапаттары

Жабал Ерғалиұлының марапаттары:

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер