Дэниел Киз

Дэниел Киз (ағылш. Daniel Keyes, 9 тамыз 1927 жыл, Нью-Йорк — 15 маусым 2014 жыл, Бока-Ратон (Флорида) — америкалық жазушы және филолог.

Дэниел Киз
Daniel Keyes
Туған күні

8 қыркүйек 1927 (1927-09-08)

Туған жері

Нью-Йорк

Қайтыс болған күні

15 маусым 2014 (2014-06-15) (86 жас)

Қайтыс болған жері

Бока-Ратон (Флорида)

Азаматтығы

 АҚШ

Шығармашылық жылдары

1952—2014

Жанры

Ғылыми фантастика

Шығармалардың тілі

ағылшын тілі

Марапаттары

Хьюго (1960)Небьюла (1967)

Биографиясы

Бруклинде Ресей империясынан эмиграция жасаған еврей отбасында дүниеге келді. Әкесі - Уильям Киз, шешесі - Бетти Алицки [1][2][3][4]. Анасының отбасысы Украинадан Монреальге XIX ғасырдың соңында көшті [5][6]. Әкесі пайдаланған заттарды дүкенде сататын еді, ал анасы косметолог болған[7]. Жергілікті Бруклин колледжін бітіріп, «Ғылыми фантастика» журналының редакциясында және мектепте мұғалім болып жұмыс істеді.

Алғашқы публикациясы — «Прецедент», 1952 жылы Marvel Science Fiction журналының мамырлық шығарылымында жарияланды. Атақты Дэниел Кизге «Элджернонға арналған гүлдер» («Цветы для Элджернона») шығармасы әкелді.

Қызықты фактілер

  • Дэниел Киз — атаулары бірдей екі шығармалар үшін, ағылшын ғылыми фантастикасындағы екі ең айтулы марапаттарға ие болған жалғыз жазушы.
  • Дэниел Киздің орыс тіліндегі жариялауы бірінші рет 1967 жылы болды.
  • 1968 жылы режиссер Ральф Нелсон «Элджернонға арналған гүлдер» атты шығармасы бойынша «Чарли» фильмін түсірді. Чарли Гордонның рөлі үшін актер Клифф Робертсон «Оскар» премиясына ие болды.

Әдебиеттер тізімі

Романдары:

  • Элджернонға арналған гүлдер / Flowers for Algernon, 1966;
  • Жанасу / The Touch, 1968;
  • Бесінші Салли / The Fifth Sally, 1980;
  • Билли Миллиганның еселі ақылдары / The Minds of Billy Milligan, 1981;
  • Миллиганның соғыстары /The Milligan Wars, 1986 — қазіргі уақытта кітап тек жапон тілінде шыққан, оның басқа тілдердегі басылымы Билли Миллиган туралы «The Crowded Room» фильмінің шығарылымынан кейін жоспарланып жатыр;
  • Дэниел Киздің әңгімелер жинағы / Daniel Keyes Collected Stories, 1993;
  • Өлімге дейін / Until Death, 1998.

Деректі прозалық шығармалары:

  • Unveiling Claudia, 1986;
  • Algernon, Charlie and I: A Writer’s Journey, 2000.

Сілтемелер