Дымкеш Мұқанов

Дымкеш Мұқанов (26.6. 1936 жылы туған, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Текеқараөзек ауылы) – ғалым, техника ғылымдардарының докторы (2000).

A.
Дымкеш Мұқанов тұрған қала (Қарағанды).

Өмірбаяны

Дымкеш Мұқанов Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) электр-техника институтын бітірген (1959). Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер (1959–60), Қарағанды қаласында комсомол комитетінің 1-хатшысы (1961–64), Қарағанды металлургия комбинатында лаборатория меңгерушісі (1964–70), Бүкілодақтық автоматика ғылыми-зерттеу институтында директор (1971– 80), «Черметавтоматика» ғылыми-өндірістік бірлестігінде бас директор (1980–92), «Казчермет-автоматика» АҚ-ның директоры (1992–99) қызметтерін атқарды. 1999 жылдан ҚР Шикізатты кешенді өңдеу ұлттық орт-нда директордың орынбасары.

«Разработка и внедрение информационно-измерительных систем с использованием физических методов для автоматизации металлургических процессов» деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми еңбектерді қара металлургия мәселелеріне арналған. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1984, 2005). “Халықтар достығы”[1][2] орденімен марапатталған.

Шығармалары

  • Информационные технологии в минерально-сырьевом комплексе, 2003;
  • Индустриально-инновационное развитие Казахстана: потенциал и механизм реализации, А., 2004;
  • Металлургия Казахстана: состояние, инновационный потенциал, тренд развития,

Дереккөздер