Дуэйн Джонсон

Дуэйн Джонсон (ағылш. Dwayne Johnson, 1972 жылы 2 мамыр, Хейвард, АҚШ) — американдық балуан және киноәртіс, сонымен қатар Жартас (ағылш. The Rock) лақап атымен де әйгілі. 1996 және 2004 жылдар аралығында World Wrestling Federation/Entertainment (WWF/E) қатысқан. 2011 жылдан бастап қайтадан WWF/E жұмыс істейді. WWF/E сегіз дүркін чемпионы, WCW ауыр салмақтағы 2 дүркін чемпионы, 2 дүркін континентаралық WWF чемпионы және 5 дүркін WWF командалық чемпионы. Сонымен қатар Үштік Тәждің алтыншы чемпионы және 2000 жылы өткізілген Патшалық Шайқастың чемпионы.

Дуэйн Джонсон
ағылш. Dwayne Johnson
Сурет
Дуэйн Джонсон
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Дуэйн Дуглас Джонсон

Туған күні

2 мамыр 1972 (1972-05-02) (52 жас)

Туған жері

Хейвард, Калифорния, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актер, палуан, продюсер

Белсенді жылдары

1995–2004, 2011–қазіргі

Марапаттары

Teen Choice Awards (2001)
Kids’ Choice Awards (2013)

IMDb

ID 0908094

2000 жылы «The Rock Says» атты автобиографиялық кітабын жазды. 2001 жылдан бастап киноға түсе бастады. Ал 2002 жылы «Сарышаяндар патшасы» фильмінде басты рөлде ойнады. Оған қоса, Джонсон «Мумия қайта оралады», «Walking Tall», «The Rundown», «Doom», «Tooth Fairy», «The Other Guys», «G.I. Joe: Retaliation», «Геракл» фильмдеріне және «Форсаж» киносериясында және т.б фильмдерде жеке рөл ойнаған.[1]

Өмірбаяны

Дуэйн Дуглас Джонсон АҚШ-тағы Калифорния штатының Хэйвард қаласында 1972 жылы мамыр айының 2-ші жұлдызында АҚШ-тағы Калифорния штатының Хэйвард қаласында әйгілі балуан Соулмен Рокки Джонсон мен промоутер Ата Майвиа құрған шаңырақта дүниеге келген. Оның анасының отбасы полинездікке жатады және олар Самоа аралдарынан, ал әкесі нова-шотландық. Оның анасы жағындағы атасы Хай Чиф Питер Майвия да балуан болған, ал әжесі 1982 жылдан 1988 жылға дейін Polynesian Pacific Pro Wrestling акцияларына басшылық еткен.Балалық шағының бірнеше жылын Оклендте(Жаңа Зеландия) анасының отбасында өткізген. Оклендта Ричмонд Роад атындағы бастауыш мектепте оқыған. Кейін 11-ші сыныпқа дейінгі оқуын Уилльяма Маккинли атындағы орта мектебінде білім алған. Мектеп бітіргеннен кейін Майами Университетіне оқуға түседі. 1995 жылы ол криминология және психология бойынша бакалавр дәрежесін алып университетті бітіреді. Универститетті бітіргеннен соң ол Канадалық футбол лигасының «Калгари Стампидерс» командасымен 3 жылдық келісімшартына қол қояды. Алайда, арқасынан алған ауыр жарақатының кесірінен кәсіби футболшы жолындағы мансабынан бас тартуға мәжбүр болды.

Жеке өмірі

Дэни Гарсия және Джонсон, Трайбека фестивалі

Джонсон 1977 жылдың 3-ші мамырында Дэни Гарсиямен отбасы құрады. 2001 жылдың 14 тамызында олардың қызы Симон Александра дүниеге келеді. 2007 жылдың 1-ші маусымында бұл жұп бұдан әрі бірге тұрмайтынын, алайда жақын дос болып қалатындығын жариялады. 2000 жылы «The Rock Says» атты автобиографиялық кітабын жазды. Дуэйн Джонсон Калифорнияның ескі губернаторы Арнольд Шварценеггердің жақын досы.

Фильмдер тізімі

ЖылҚазақша атауыТүпнұсқа атауыРөл
199970-ші жылдарының шоуыThat '70s ShowРокки Джонсон
1999ЖеліThe NetБроуди
2000ДагDAGРок
2000Жұлдызды жол: ВояджерStar Trek: VoyagerЧемпион
2001LongshotҰры
2001Мумия қайта ораладыThe Mummy ReturnsМетаес
2002Сарышаяндар патшасыThe Scorpion KingМетаес
2003Амазон қазынасыThe RundownБэк
2004Walking TallКрис Вон
2005Be CoolЭллиот Вильгельм
2005ДумDoomЭшер «Сержант» Махонин
2006Екінші мүмкіндікGridiron GangШон Портер
2007Рено 911!: МаямиReno 911!: Miamiагент Рик Смит
2007Кори үйдеCory in the Houseөзін-өзі сомдаған
2007Ханна МонтанаHannah Montanaөзін-өзі сомдаған
2007Ойын жоспарыThe Game PlanДжозеф Кингман
2007Оңтүстік ертегілеріSouthland TalesБоксер Сантарос
2008Ақылды болGet Smartагент 23
2009Вэйверли Плэйс сиқыршыларыWizards of Waverly Placeөзін-өзі сомдаған
2009Мыстан тауыRace to Witch MountainДжек Бруно
2009Ғаламшар 51Planet 51капитан Чарльз «Чак» Бейкер
2010ГриффиндерFamily Guyөзін-өзі сомдаған
2010Тіс перизатыTooth FairyДерек Томпсон
2010КубтаCubedөзін-өзі сомдаған
2010Неге біз қайта үйленеміз?Why Did I Get Married TooДэниел Франклин
2010Басқа жігіттерThe Other Guysдетектив Кристофер Дэнсон
2010Қайтадан сенYou Againавиация маршалы
2010ЖылдамFasterДжеймс «жүргізуші» Каллен
2010Трансформерлер: ПраймTransformers: PrimeКлиффджампер
2011Форсаж 5Fast FiveЛюк Хоббс
2012Саяхат 2:

Жұмбақ арал

Journey 2: The Mysterious IslandХэнк Парсонс
2013СатқынSnitchДжон Мэтьюз
2013G.I. Joe:G.I. Joe: RetaliationМарвин Хинтон / Роудблок
2013Бейнет пен зейнетPain & GainПол Дойл
2013Форсаж 6Fast & Furious 6Люк Хоббс
2013Эмпайр-стейтEmpire StateДжеймс Рэнсом
2014ГеркулесHerculesГеракл
2015Форсаж 7Furious 7Люк Хоббс
2015Форсаж: Артық жүкFast & Furious: SuperchargedЛюк Хоббс
2015Сан - Андреас күйреуіSan AndreasРэй Гейнс
2015ОйыншыларBallersСпенсер
2016МоанаMoanaМауи
2016Бір жарым тыңшыCentral IntelligenceБоб
2016Big Trouble In Little ChinaДжек Бёртон
2017Джуманджи: джунгли шақыруJumanji: Welcome to the Jungleдоктор Смолдер Брэйвстоун
2019Шазам!Shazam!Қара А′дам
2019Форсаж: Хоббс пен ШоуFast & Furious Presents: Habbs & ShawЛюк Хоббс
2019Джуманджи: жаңа деңгей (орыс.)Jumanji: The Next Levelдоктор Смолдер
2021Джунгли саяхатыJungle CruiseФрэнк
2021Қызыл хабарламаRed NoticeДжон Хартли

Дереккөздер

Сілтемелер