Дисконттау

Дисконттау - түрлі жылдардың экономикалық көрсеткіштерін уақыт кезеңі бойынша салғастырылатын түрге келтіру; дисконттау коэффициентін (дисконтты, дисконттаушы көбейткішті) — болашақтағы құнның мәні қазіргі уакытқа келтірілетін пайыздық мөлшерлемені пайдалану жолымен шығын сомасының немесе ақырғы нәтижелердің бастапқы сомасын анықтау әдісі. Банк операциялары мен сгратегиялық операциялар саласында — уақыт жөнінен шашыратылған төлемдерді мәміленің басталуына келтіру кезінде, көп жақты есеп айырысуларда, несиелендіруде, төлемге жатпайтын сақтандыру тәуекелі кезінде, басқа да жағдайларда, сондай-ақ стратегиялық есеп айырысулар мен талдаулар кезінде, инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау кезінде, экономикалық-математикалық әдістерді пайдалана отырып көрсеткіштерді есептеуде кеңінен пайдаланылады.[1]

Дереккөздер