Джон Карью

Джон Алью Карью (ағылш. John Alieu Carew; 5 қыркүйек 1979 жыл, Лёренског, Акерсхус) — норвег футболшысы, шабуылшы.

Джон Карью Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Джон Алью Карью

Туған күні

5 қыркүйек 1979 (1979-09-05) (44 жас)

Туған жері

Лёренскуг, Акерсхус, Норвегия

Азаматтығы

Норвегия Норвегия

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Клуб карьерасы[* 1]
1997—1999Норвегия Волеренга33 (14)
1999—2000Норвегия Русенборг18 (18)
2000—2004Испания Валенсия84 (20)
2003—2004 Италия Рома20 (6)
2004—2005Түркия Бешикташ24 (13)
2005—2007Франция Олимпик Лион35 (10)
2007—2011Англия Астон Вилла104 (37)
2011 Англия Сток Сити10 (1)
2011—2012Англия Вест Хэм Юнайтед14 (2)
Ұлттық құрамы[* 2]
1998—2011 Норвегия91 (24)

Карьерасы

Карьюдің әкесі гамбиялық, анасы норвег. Норвегия Ұлттық құрамасында ойнаған тұңғыш қара нәсілді футболшы. 2000 жылғы дейін Норвегияның "Волеренга", "Русенбург" клубтарында өнер көрсетті. 2000 жылғы Еуропа чемпионатынан соң "Валенсияға" ауысты. "Валенсияда" ойнаған үш маусымның ішінде клубтың белді ойыншыларының бірі болды. 2002 жылы "Валенсия" Испания чемпионы атанғанда Карью бұл жетістікке өлшеусіз үлес қосты.

"Валенсиядан" кеткен соң ешбір клубта тұрақты ойнай алмай, жиі команда ауыстырумен болды. 2005-07 жылдары "Лионда" ойнап Франция чемпионы атанды. Бірақ алаңға тұрақты шыға алмай, Жуниньо Пернамбуканоның көлеңкесінде қап кете берген соң басқа клуб іздеуге мәжбүр болды.

Карьерасының соңғы жылдарында тек Англия клубтарында ойнады.

Карьерасын 2013 жылы аяқтады да, киноактерлік жолына түсті[1].

Жетістіктері

«Волеренга»
  • Норвегия кубогы: 1997
«Русенборг»
  • Норвегия чемпионы: 1999
  • Норвегия кубогы: 1999
«Валенсия»
  • Испания чемпионы: 2002
  • Чемпиондар Лигасының финалисі: 2001
«Олимпик Лион»
  • Франция чемпионы: 2006

Дереккөздер

Сілтемелер