Деталь

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту

Деталь - көркем шығармада белгілі бір мағыналық, идеялық-эмоциялық жүк көтеріп тұрған көркемдегіш құрал. Ол бірер сопы сөз, сурет-деректеме арқылы берілуі мүмкін. Детальда аз ғана сөз суретке айналып, оқырманды әсерлі сезімге белейді, шындықтық ой-қырын ашады, яғни шындыққа жанасымды келеді. Мысалы, эпопеяда келіні Қамқа қайтыс болған күйеуінің түсіне кіргенін айтып толқығанды, атасы Қодар: «Түс шіркін жұбаныш па, тәңір-ай» деп қысқа қайырады. Бірақ бұл жай ғана айтылған сөз емес, қыр елінің қатыгез тұрмысынан хабар бөретін деталь Мұның соңы Қамқа мен Қодардың ажалымен бітеді («Қайтқанда»).[1]

Дереккөздер

қайнарын өңдеу


Навигация мәзірі