Дарвин Нуньес

Дарвин Габриэль Нуньес Рибейро (ис. Darwin Gabriel Núñez Ribeiro; 1999 жылы 24 маусымда туған, Артигас, Уругвай) — уругвайлық футболшы, "Ливерпуль" клубы мен Уругвай құрамасының шабуылшысы.

Дарвин Нуньес Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Дарвин Габриэль Нуньес Рибейро[1]

Туған күні

24 маусым 1999 (1999-06-24) (25 жас)

Туған жері

Артигас, Уругвай

Азаматтығы

 Уругвай

Бойы

187 см[2]

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Англия Ливерпуль

Номері

9

Жастар клубы
Уругвай Пеньяроль
Клуб карьерасы[* 1]
2018—2019Уругвай Пеньяроль15 (4)
2019—2020Испания Альмерия30 (16)
2020—2022Португалия Бенфика57 (32)
2022—Англия Ливерпуль29 (9)
Ұлттық құрамы[* 2]
2018—2019Уругвай Уругвай U2014 (4)
2019Уругвай Уругвай U224 (1)
2019— Уругвай16 (3)

Клубтық мансап

Дарвин Нуньес 2021 жылы "Бенфика" сапында "Барселонаға" қарсы ойында

Нуньес "Пеньяроль" клубының тәрбиеленушісі. 2017 жылы 22 қарашада "Ривер Плейтке" қарсы ойында Уругвай чемпионатында алғаш рет алаңға шықты. Өзінің дебюттік маусымында Нуньес Уругвай чемпионы атанды. 2018 жылы 13 қазанда астаналық "Феникске" қарсы ойында Дарвин "Пеньяроль" үшін өзінің алғашқы голын соқты[3]. Сол жылы ол Уругвай Суперкубогын жеңіп алды.

2019 жылдың жазында Нуньес 5 жылға келісімшарт жасап, испандық "Альмерияға" ауысты. 3 қазан күні хихондық "Спортингке" қарсы ойында Сегундада дебют жасады. 27 қазан күні Дарвин "Экстремадура" клубына қарсы ойында өзінің алғашқы голын соқты.

2020 жылдың жазында Нуньес лиссабондық "Бенфикаға" ауысып, 5 жылға келісімшартқа отырды. Трансфер құны 24 млн еуроны құрады[4]. 15 қыркүйекте Чемпиондар Лигасының грекиялық ПАОК клубына қарсы іріктеу кездесуінде Дарвин жаңа команда үшін дебют жасады. 18 қыркүйекте "Фамаликанға" қарсы ойында ол Сангриш лигасында дебют жасады. 22 қазанда Еуропа Лигасының польшалық "Лех" клубына қарсы кездесуінде Дарвин хет-трик жасап, өзінің алғашқы голдарын "Бенфика" сапында соқты. Сол турнирда тағы да "Лех" және шотландиялық "Рейнджерс" қарсы ойындарда екі рет көзге түсті. 2021 жылы 29 қыркүйекте Чемпиондар Лигасының "Барселонаға" қарсы кездесуінде "дубль" жасады.

2022 жылдың 13 маусымында "Бенфика" уругвайлық шабуылшы "Ливерпульге" 75 млн еуроға (бонустарды есепке алғанда 100 млн еуро) ауысқаны туралы жариялады[5].

Ұлттық құрамада

2019 жылы Нуньес Уругвай жастар құрамасында Чилидегі Оңтүстік Америка жастар чемпионатына қатысты. Турнирде ол Перу, Венесуэла, Колумбия, Эквадор және Аргентина командаларына қарсы матчтарда ойнады.

2019 жылы Уругвай олимпиадалық құрамасында Перуде өткен Панамерикалық ойындарға қатысты. Турнирде ол Перу, Аргентина, Ямайка және Мексика командаларына қарсы матчтарда ойнады. Перуға қарсы ойында Дарвин гол соқты.

Сол жылы Польшадағы жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысты. Турнирде ол Гондурас, Норвегия, Жаңа Зеландия және Эквадор командаларына қарсы матчтарда ойнады. Жаңа Зеландия мен Норвегияға қарсы ойында Дарвин гол соқты.

2019 жылы 15 қазанда Перу құрамасына қарсы жолдастық кездесуде Уругвай құрамасында дебют жасады[6]. Сол ойында ол ұлттық құрама үшін алғашқы голын соқты.

Жетістіктері

Клубтық

"Пеньяроль"

Ұлттық құрама

Уругвай құрамасы (20 жасқа дейін)
  • Жастар командалары арасындағы Оңтүстік Америка чемпионатының қола жүлдегері: 2019

Дереккөздер

Сілтеме