Давид Алаба

Давид Олатокунбо Алаба (нем. David Olatokunbo Alaba; 24 маусым 1992 жыл, Вена) — аустриялық футболшы, "Реал Мадрид" мен Аустрия ұлттық құрамасының ойыншысы. Көбінесе сол қанаттағы қорғаушының позициясында ойнайды, сонымен қатар қорғаныстың ортасында және жартылай қорғаушының рөлдерінде ойнай алады. 

Давид Алаба Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Давид Олатокунбо Алаба

Туған күні

24 маусым 1992 (1992-06-24) (32 жас)

Туған жері

Вена, Аустрия

Азаматтығы

Аустрия

Бойы

180

Салмағы

78

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Реал Мадрид

Номері

4

Жастар клубы
2001—2002Аустрия Асперн
2002—2007Аустрия Аустрия (Вена)
Клуб карьерасы[* 1]
2007—2008Аустрия Аустрия (Вена) II5 (0)
2009—2010Германия Бавария II33 (1)
2010—2021Германия Бавария281 (22)
2011 Германия Хоффенхайм17 (2)
2021—Испания Реал Мадрид
Ұлттық құрамы[* 2]
2009— Аустрия85 (14)

Отбасы

Алабаның шыққан тегі афроазиат, оның анасы — филлипиндік, ал әкесі — нигериялық. Анасы мамандығы бойынша медбике, әкесі диджей (кезіндегі рэпер).

Мансабы

Клубтық

Алаба Аустрияның жасөспірімдік ұлттық құрамасының сатында

Давид Алаба өз мансабын вендік "Аустрия" жасөспірімдік командасында бастады. 2008 жылы Алаба австриялық клубтың қосалқы ойыншыларының орнына ие болды. "Аустрияны" резервтік сатысында 5 ойын өткізіп, сол жылдың жазында мюнхендік "Баварияға" ауысты. 2009/2010 жылғы маусымда Алаба алғашы рет Мюнхендік команданың резервтік сатысына кірді, ал ол жерде 2009 жылы Үшінші лигадағы дрездендік "Динамоға" қарсы ойында дебюттік ойынға шықты. Сол жылдың 29 тамызында Давид "Баварияның" резервтіліктердің сатында алғашқы голын соқты. Сол уақытта Алаба негізгі команданың Чемпиондар Лигасында ойнайтын ойыншылардың тізіміне кіргені белгілі болды. 2010 жылдың қаңтарында Давид мюнхеннің негізгі клубының жаттығуларына қатыса бастады.

"Баварияның" негізгі сатысында Алаба 10 ақпанда, Германияның Кубогындағы "Гройтер Фюртаға" қарсы ойынның 59-ші минуттында Кристиан Лелляменен алмасып, дебюттік ойынын өткізді. Ал бір минуттан соң Франк Рибериге ассист жасап, Франк жеңістік голды соқты. Алаба "Баварияның" тарихындағы ресми ойындарға қатысқан ең жас футболшысы болды. Сол кезде ол 17 жыл, 7 ай және 8 күн жасында еді. 6 наурызда Бундеслиганың 25-ші турындағы "Кёльнге" қарсы кездесуде Алаба Бундеслигада дебюттік ойынын өткізді, ол 73-ші минутта Диего Контентоменен алмасты. 3 күннен соң Алаба өз мансабындағы Чемпиондар Лигасындағы алғашқы кездесуін өткізді, ол "Фиорентинаға" қарсы 2-ші турдың кездесуі болған.

2011 жылы 10 маусымда "Бавария" ойыншыменен 2015 жылға дейінгі жаңа келісімшартты жасады. 2013 жылы 2 сәуірді Давид "Ювентусқа" қарсы ойында Чемпиондар Лигасының ең тарихындағы ең тез голдардың бірін соқты. Ол кездесудің 25-ші секундасында голды соқты.

Құрамада

Давид Алаба Аустрияның ұлттық құрамасының сатындағы алғашқы дебюттік ойыншы 2009 жылы 14 қазанда 17 жасында өткізген болатын. Ол 2010 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңінің Франция ұлттық құрамасына қарсы кездесу еді, ол жерде 79-ші минутта Кристиан Фукспенен алмасты. 

Барлығы: 5 ойын; 3 жеңіс, 2 тең ойындар, 0 жеңіліс.

Аустрия құрамасындағы голдар мен ойындар

Барлығы: 17 ойын; 6 жеңіс, 2 тең ойындар, 9 жеңіліс.

Жетістіктері

Клубтық

Бавария

  • Германия Чемпионы (5): 2009/10, 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19, 2019/20, 2020/21
  • Германия Кубогының жеңімпазы (4): 2009/10, 2012/13, 2013/14, 2015/16, 2018/19, 2019/20
  • Германия Суперкубогының жеңімпазы (3): 2010, 2012, 2016, 2017, 2018, 2020
  • Чемпиондар Лигасының жеңімпазы: 2012/13, 2019/2020
  • УЕФА Суперкубогының жеңімпазы : 2013, 2020
  • Клубтар әлем чемпионаты: 2013, 2020

Жеке

  • Жылдық Аустриялық ең үздік футболшысы (7): 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2020
  • УЕФА жылдық командасының сатына кірді (2): 2013, 2014, 2015
  • Австрияда жылдың спорттық тұлғасы: 2013, 2014

Дереккөздер

Сілтемелер