Гонсалу Гедеш

Гонсалу Мануэл Ганшинью Гедеш (порт. Gonçalo Manuel Ganchinho Guedes; 29 тамыз 1996 жыл, Бенавенти) — португалиялық футболшы, Португалия Ұлттық футбол құрамасы мен "Валенсия" клубының шабуылшысы. 2018 жылы әлем чемпионатына, 2018/19 жылы УЕФА Ұлттар Лигасына қатысты. УЕФА Ұлттар Лигасының финалында Нидерланд құрамасының қақпасына соққан голы құрамаға жеңіс әперіп (1:0), турнир чемпионы атанды.

Гонсалу Мануэл Ганшинью Гедеш Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

29 қараша 1996 (1996-11-29) (27 жас)

Азаматтығы

Португалия Португалия

Бойы

179[1]

Салмағы

68[1]

Позиция

шаубылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Валенсия

Номері

7

Жастар клубы
2005—2013Португалия Бенфика
Клуб карьерасы[* 1]
2015—2017Португалия Бенфика39 (5)
2014—2016Португалия Бенфика Б38 (11)
2017—2018Франция Пари Сен-Жермен8 (0)
2017—2018 Испания Валенсия33 (5)
2018—Испания Валенсия20 (5)
Ұлттық құрамы[* 2]
2016— Португалия17 (4)

"Бенфика" клубының түлегі. Клуб сапындағы тұңғыш ойынын 2015 жылы 4 қаңтарда "Пенафиел" клубына қарсы өткізді. 2014/15 жылғы маусымда жалпы бес кездесуде алаңға шықты.

2017 жылы 25 қаңтарда "Пари Сен-Жерменге" ауысып, бес жылдық келісім шарт жасады.

2017/18 жылғы маусымның біраз бөлігін "Валенсияда" арендада өткізді. 2018 жылы жазда "Валенсия" футболшыны түпкілікті сатып алды.

Жетістіктері

Клубтық

Бенфика (Лиссабон)
  • Португалия чемпионы: 2014/15, 2015/16, 2016/17
  • Португалия кубогы: 2016/17
  • Португалия Лига кубогы: 2014/15, 2015/16
  • Португалия суперкубогы: 2016
Пари Сен-Жермен
  • Франция чемпионы: 2017/18
  • Франция кубогы: 2016/17
  • Франция спуеркубогы: 2017
Валенсия
  • Испания кубогы: 2018/19

Халықаралық

Португалия

  • УЕФА Ұлттар Лигасының жеңімпазы: 2019

Дереккөздер