Георги Чакветадзе

Георги Чакветадзе (29 қыркүйек 1999, Тбилиси, Грузия) — грузин футболшысы, жартылай қорғаушы. Грузия құрамасының ойыншысы.

Георги Чакветадзе Футбол
Жалпы мағлұмат
Туған күні

29 қыркүйек 1999 (1999-09-29) (24 жас)

Туған жері

Тбилиси, Грузия

Азаматтығы

Грузия

Бойы

183

Салмағы

75

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Бельгия Гент

Номері

7

Жастар клубы
2007—2010Грузия Норчи Динамоели
2010—2016Грузия Динамо Тб
Клуб карьерасы[* 1]
2016—2017Грузия Динамо Тб20 (5)
2017—Бельгия Гент42(5)
Ұлттық құрамы[* 2]
2018— Грузия9(5)

Карьерасы

"Динамо" (Тбилиси) футбол клубының түлегі. 2017 жылдан бері Бельгияның "Гент" командасының жартылай қорғаушысы[1].

Грузияның бірнеше жастар құрамасында ойнады. Негізгі құрамадағы алғашқы ойынын 2018 жылы 24 наурызда Литваға қарсы өткізіп, бір гол соқты. Бұл ойында грузиндер 4:0 есебімен жеңіске жетті.

УЕФА Ұлттар Лигасы турниріндегі тұңғыш голдың авторы. Ол голды 2018 жылы 6 қыркүйекте Астанада Қазақстан құрамасының қақпасына енгізді. Бұл кездесуге Грузия 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Жетістіктері

Жеке

  • УЕФА Ұлттар Лигасы турнирі тарихындағы тұңғыш голдың авторы

Дереккөздер

Сілтемелер