Галит


Галит (Үлгі:IPA-en)[4] тас тұзы, ас тұзы – хлоридтер класының минералы. Хим. формуласы NaCl. Кубтық сингонияда кристалданып, түйіршік масса, қабыршақ, талшық пішінді агрегаттар түзеді. Галит мөлдір, түссіз ақ, кейде түрлі түсті болады, көбінесе сильвинмен бірге кездеседі. Қатт. 2, менш. салм. 2,1 – 2,2 г/см3, шыныдай жылтыр.Шөгінді жыныстар арасында Галиттің қалың қабаттары кездеседі. Ол климаты ыстық, қуаңшылық аймақтардағы су алаптарында (шығанақ, көл) өздігінен тұнады. Қазақстанда Галиттің ірі кендері Каспий, Арал теңіздері маңында бар. Галит тамақ өнеркәсібінде, қара металлургияда күкірт қоспаларын жою үшін, инертті газдарды (гелий, неон, аргон, т.б.) тазартқыш ретінде, электртехникада натрий құрамды сымдар жасауда пайдаланылады.[5]

Halite

Halite from the Wieliczka salt mine, Małopolskie, Poland (size: 16x15x13cm)
Негізі
Санаты Минерал
Химиялық формуласы NaCl
Strunz classification 03.AA.20
Crystal symmetry Isometric hexoctahedral 4/m 3 2/m
Unit cell a = 5.6404(1) Å; Z = 4
Ерекшеліктері
Молярлық массасы 58.433 g/mol
Түсі Colorless or white; also blue, purple, red, pink, yellow, orange, or gray
Кристал пішіні Predominantly cubes and in massive sedimentary beds, but also granular, fibrous and compact
Сингониясы Cubic
Үгітіндісі Perfect {001}, three directions cubic
Агреттары Conchoidal
Беріктігі Brittle
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы 2 - 2.5
Streak White
Diaphaneity Transparent
Үлес салмағы 2.17
Оптикалық сипаты Isotropic
Refractive index n = 1.544
Solubility Water soluble
Басқа сипаттамалары Salty flavor, Fluorescent
Дереккөздер [1][2][3]
Галит

Агрегаттары. Өз бетімен көлдерде тұнған тұздар көбінесекристалды түйіршіктерден құралған қабыршақ кесектер түріндеболады. Олар кейде тығыз, кейде кеуекті келеді. Кристалдардыңтіркеліп өскен әдемі қоспақ , друза түрлері кездеседі. Тұзды сорлардың бетінде, су тез буланғанда, тұз кристалдарының тамашақауашақ қабыршағы пайда болады да, олар ерітінді бетіндежүзіп жүреді («кайықшалар» деп аталатын себебі осы). «Қайықша» төңкерілген пирамида пішіндес болады. Ол аздан соңсуға (ерітіндіге) батып, толық кристалл түріне айналады.Галиттің түсі мөлдір, түссіз немесе ақ түсті. Сызығы ақ , дәмітатымды, тұз сияқты ащы. Электр тогын ңашар өткізеді, бірақжылуды өте жақсы өткізеді. Жылтырлығы шыныдай мөлдір.Жаратылысы көбінесе экзогендік; галит суы құрғаған көл мен шығанақтардан пайда болады. Сонымен қатар галит кейде вулкандардыңатқылауынан үшпалы зат ретінде көтеріліп, жарықтарға кіріп құралады.Галит тамақ өндірісінде, химиялық ендірістерде — тұз қышқылың жасауда, натрий алуға, былғары илеу ісінде т. б. қолданылады.Кендері біздің елімізде Эльтодда, Басқ ұншақта, Қырымда,Қазақстанда, Уралда (Соликамск), Украинада кездеседі.Шет елдердегі кендері Величкада (Польша), Пенджабта(Үндістан), Кадзаста (АҚ Ш ) , Табрис (Ирад), Стассфурт (Германия) т. б. бар.[6]

Дереккөздер