Вел Баркер кубогы

Вел Баркер кубогы (ағыл. Val Barker Trophy) - 1936 жылдан бастап Олимпиада ойындарының ең техникалы боксшысына берілетін жүлде. Кубок ағылғын боксшысы, Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясының алғашқы құрметті хатшысы Вел Баркер құрметіне 1920 жылы тағайындалған.

Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев

Кубок АИБА-ның жекеменшігі болып табылады және Олимпиада ойындарында алған орынына қарамастан ең мықты техника көрсеткен боксшыға табыс етіледі. Жеңімпазға Куботың көшірмесі және АИБА-ның Дипломы беріледі. Кубок жарыстар біткеннен соң, бір күннен кейін, арнайы церемония барысында, АИБА мүшелері және шақырылған қонақтар көзінше табыс етіледі. Церемонияға Кубокқа үміткер болған барлық спортшылар шақырылады. Кубокқа жеңімпаздың есімі, өнер көрсеткен салмағы, елі және Олимпиада өткен қаланың атауы қашалып жазылады. Кубок иегері Кубокты өз елінің Ұлттық бокс федерациясына келесі Олимпиада ойындарына дейін сақтауға өткізеді. Ұлттық бокс федерациясы АИБА-ға Кубокты қауіпсіздікті сақтау жөнінде кепілдеме береді және АИБА-ның есепшотына кепілдік ретінде ақша аударады. Келесі Олимпиада ойындары басталуына кем дегенде жеті күн қалға дейін Кубок Олимпиада өтетін қалаға, АИБА-ның Атқарушы комитетінің мүшелеріне жеткізілуі керек. Кубок иегері АИБА тарапынан келесі Олимпиада ойындарына құрметті қонақ ретінде шақырылып, Кубокті келесі боксшыға табыстау рәсіміне қатысады. Егер Кубок қатарынан үш рет бір елдің бокшылары алса, онда Кубок сол елдің Ұлттық бокс федерациясының меншігіне өтеді.

Вел Баркер кубогың иеленген қазақстандық спортшылар

АИБА атқарушы директоры Хо Ким және Серік Сәпиев

Вел Баркер кубогының иегерлері

ЖылыҚалаБоксшыЕліСалмақ дәрежесіМедаль
1936БерлинЛуис Лори  АҚШең жеңіл салмақҚола
1948ЛондонДжордж Хантер ЮАРжартылай ауыр салмақАлтын
1952ХельсинкиНорвел Ли  АҚШжартылай ауыр салмақАлтын
1956МельбурнРичард МакТэггерт  Ұлыбританияжеңіл салмақАлтын
1960РимНино Бенвенути  Италия2-ші жартылай орташа салмақАлтын
1964ТокиоВалерий Попенченко  КСРО2-ші орташа салмақАлтын
1968МехикоФилип Варуинге  Кенияжартылай орташа салмақҚола
1972МюнхенТеофило Стивенсон  Кубаауыр салмақАлтын
1976МонреальГовард Дэвис  АҚШжеңіл салмақАлтын
1980МәскеуПатрицио Олива  Италия1-ші жартылай орташа салмақАлтын
1984Лос-АнжелесПол Гонсалес  АҚШең жеңіл салмақАлтын
1988СеулРой Джонс  АҚШжартылай орташа салмақКүміс
1992БарселонаРоберто Баладо  Кубаауыр салмақАлтын
1996АтлантаВасилий Жиров  Қазақстанжартылай ауыр салмақАлтын
2000СиднейОлег Саитов  Ресейорташа салмақАлтын
2004АфиныБақтияр Артаев  Қазақстан1-ші орташа салмақАлтын
2008БейжіңВасилий Ломаченко  Украинажартылай жеңіл салмақАлтын
2012ЛондонСерік Сәпиев  Қазақстан1-ші орташа салмақАлтын

Тағы қараңыз

Дереккөздер