Бөрілітөбе ауданы

Бөрілітөбе ауданы — 1933-1960 және 1972-1997 жылдары болған Алматы және Талдықорған облыстарының әкімшілік бірлігі.

Аудан
Бөрілітөбе ауданы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Кіреді

Алматы облысы, Талдықорған облысы

Енеді

6 ауылдық округ, 2 кент

Әкімшілік орталығы

Бөрілітөбе
Лепсі

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1933—1960, 1972-1997

Жер аумағы

22 800 км²

Уақыт белдеуі

UTC+6

Тұрғындары
Тұрғыны

12 143 адам (2009)

Тарихы

Бөрілітөбе ауданы 1933 жылы 16 қарашада Қазақ АКСР-нің Алматы облысының құрамында құрылды. Оның құрамына келесі аумақтар кірді:

1933 жылы 19 қарашада ауылдық кеңестердің атаулары: №6 - Майқамыс, №8 - Қызылбалық, №9 (Қаратал ауданы) - Балқаш, №9 (Шұбартау ауданы) - Қарашыған, № 21 - Көкжиде болып өзгертілді.

1934 жылы Лепсі ауылдық кеңесі құрылды.

1935 жылы Қарқаралы округінің Қоңырат ауданынан 8 наурыз атындағы ауылдық кеңес Бөрілітөбе ауданына берілді.

1936 жылы Қоңырат ауданына 8 наурыз атындағы ауылдық кеңес қайтарылды.

1937 жылы 20 желтоқсанда Бөрілітөбе ауылы жұмысшы кенті мәртебесін алды.

1938 жылы 14 қарашада Түркістан-Сібір теміржолының Лепсі, Іле, Сарыөзек, Матай станциялары жұмысшылар кенті мәртебесін алды.

1940 жылы Көктерек ауылдық кеңесі құрылды.

1941 жылы 22 сәуірде аудан орталығы Лепсі ж.к. көшірілді.

1943 жылы Қарағанды облысынан Саяқ кенті Бөрілітөбе ауданына берілді.

1944 жылы 15 наурызда Бөрілітөбе ауданы Талдықорған облысына берілді. Сол жылы Саяқ жұмысшы кенті ауылдық елді мекенге айналды.

1949 жылы Бөрілітөбе кенттік кеңесі жойылды. Молалы жұмысшы кенті қалыптасты.

1954 жылы Балқаш пен Майқамыс ауылдық кеңестері жойылды.

1959 жылы 6 маусымда Талдықорған облысының таратылуына байланысты Бөрілітөбе ауданы Алматы облысына өтті.

1959 жылы 30 желтоқсанда (1960 ж. 16 ақпандағы жарлыққа сәйкес) Бөрілітөбе ауданы жойылып, оның аумағы Ақсу, Қапал және Қаратал аудандары арасында бөлінді.

1972 жылы 10 наурызда Талдықорған облысының құрамында Бөрілітөбе ауданы қалпына келтірілді. Оған келесі аумақтар кірді:

  • Ақсу ауданынан — Құрақсу ауылдық, Матай кенттік кеңестері.
  • Алакөл ауданынанАқтоғай кенті.
  • Үйгентас ауданынан — Қарашыған, Көкжиде, Көктерек ауылдық, Лепсі кенттік кеңестері.
  • Қапал ауданынан — Молалы ауылдық кеңесі.
  • Қаратал ауданынан — Қаңбақты, Қызылбалық ауылдық кеңестері.

Сол жылы Қаңбақты ауылдық кеңесі Қаратал ауданына қайтарылды.

1977 жылы Егінсу ауылдық кеңесі құрылды. Молалы кенттік кеңесі жойылып, Молалы жұмысшы кенті Қапал ауданына берілді.

1987 жылы Ақтоғай кенті Семей облысының Таскескен ауданына берілді.

1993 жылы 7 қазанда ауданның орыс тіліндегі транскрипциясы (орыс. Бурлютобинский район) Борлитобинский район болып өзгертілді.

1997 жылы 28 ақпанда Бөрлітөбе ауданы жойылды. Сонымен бірге Көкжиде, Көктерек, Қарашыған ауылдық округтері мен Лепсі кенті – Сарқан ауданына, Матай кенті мен Құрақсу ауылдық округі – Ақсу ауданына, Қызылбалық ауылдық округіҚаратал ауданына,Егінсу ауылдық округіҚапал ауданына берілді[1].

Әкімшілік бөлінісі

1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 6 ауылдық, 3 кенттік кеңес пен 19 елді мекен болған:[2]

Әкімшілік бірлікОрталығыЕлді мекендері
Ақтоғай кенттік кеңесіАқтоғай кентіАқтоғай
Егінсу ауылдық кеңесіЕгінсу ауылыЕгінсу, Құмтөбе
Көкжиде ауылдық кеңесіКөкжиде ауылыВодомерное, Көкжиде
Көктерек ауылдық кеңесіКөктерек ауылыКөктерек
Қарашыған ауылдық кеңесіТөлебаев ауылыКрасный Рыбак, Төлебаев, Үлгі
Құрақсу ауылдық кеңесіҚұрақсу ауылыҚұрақсу
Қызылбалық ауылдық кеңесіКөпбірлік ауылыКөпбірлік, Қарақұм, Фрунзе
Лепсі кенттік кеңесіЛепсі кентіАқбалық, Арғанаты, Қаратас, Лепсі
Матай кенттік кеңесіМатай кентіАқөзек, Матай

Халқы

1939195919791989[3]
 26610310352376420171

Дереккөздер