Бутаков шығанағы

Бутаков шығанағыСолтүстік Арал теңізінің қиыр солтүстігінде, Шұбартау және Көктырнақ түбектері аралығында орналасқан.

Бутаков шығанағы
Бутаков шығанағы Арал теңізінде номері 2 белгіленген
Бутаков шығанағы Арал теңізінде номері 2 белгіленген
Сипаттамасы
Тереңдігі5 м
Орташа тереңдігі3 м
Орналасуы
46°42′ с. е. 60°43′ ш. б. / 46.700° с. е. 60.717° ш. б. / 46.700; 60.717 (G) (O) (Я) 60°43′ ш. б. / 46.700° с. е. 60.717° ш. б. / 46.700; 60.717 (G) (O) (Я) (T)
Өзінен жоғары акваторияСолтүстік Арал теңізі
Ел Қазақстан
АймақҚызылорда облысы
АуданАрал ауданы
Бутаков шығанағы (Қазақстан)
Бутаков шығанағы
Бутаков шығанағы (Қызылорда облысы)
Бутаков шығанағы

Сипаты

Теңіз суы тартылғанға дейін шығанақтың суы батыстан шығысқа қарай 40 км шамасында созылып, енінің жалпақ жері 20 км болған. 2004 жылғы деректер бойынша, А. И. Бутаков шыңының ұзындығы 20 км, теңізге шығар жерінің ені 3 км, солтүстік жағалауы жарқабақты және тереңдеу, оңтүстік-батысы мен оңтүстік жағасы жайпақ, аласа. Шығанаққа жақын жер бедері көтеріңкі, қырқалы, құмдауытты, сортаң және тақырлы алқап.

Геологиялық құрылымы

Жер қыртысы бор, палеоген, неоген және төрттік кезеңдердің шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі

Батпақты-құмды топырағында қамыс пен құрақ, ши өседі. Батыс жағалауында 3 км жерде Ақеспе, оңтүстік шығысында Тастүбек ауылдары орналасқан. Арал теңізін алғаш зерттеген А.И. Бутаковтың есімімен аталған.[1]

Дереккөздер