Будённый жылқысы
Будённый жылқысы — салт мінілетін жылқы тұқымы. 1921 — 48 жылы Ресейдің Ростов облысының С.М. Буденный атындағы және 1-атты Армия атындағы жылқы зауыттарында таза тұқымды Дон мініс жылқысы мен Қара теңіз жағалауының жылқыларын будандастыру арқылы шығарылған. Буденный жылқысы ірі, дене бітісі мығым келеді. Басы етсіз, қаз мойын, шоқтығы биік, аяғы сіңірлі, тұяғы берік. Шоқтығына дейінгі орташа биікт. 163 — 166 см, кеуде орамы 190 — 195 см; жіліншік орамы 20—21 см. Айғырының салм. 550 кг, биесінікі — 500 кг. Жаңа туған құлынының салм. 50 кг. Буденный жылқысының ұшқырлығы 1200 м-де 1 мин 16 с; 2000 м-де 2 мин 36 с; 3600 м-де — 3 мин 29 с. Қазақстанда Буденный жылқысын жетілдірумен Алматы облысындағы Қызылағаш жылқы зауыты шұғылданады.[1]
Дереккөздер
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
🔥 Top keywords: Басты бетҚұрбан айтҚұрбандықАбай ҚұнанбайұлыҚазақша жыл санауАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыМұхтар Омарханұлы ӘуезовШыңғыс ханӘкелер күніҚазақстанӨзін-өзі өлтіруТүрік қағанатыАйтИсламдағы жыныстық өмір әдебіЕтеккірБесін намазыАбай жолы (роман)Ахмет БайтұрсынұлыАлланың есімдеріМұхаммедАлаш партиясыӘл-Фатиха сүресіКөкжөтелЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШылауҚазақ хандығының құрылуыСақтарҚазақ хандарыҚазақстан Республикасының КонституциясыКөмірсуларЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісБауыржан МомышұлыҚой малының атауларыЖасушаОйжұмбақ 2ЕтістікҒұндар