Бенин

Бенин (фр. Bénin), толық ресми түрі Бенин Республикасы (фр. République du Bénin, 1975 жылға дейін Дагомея) — Батыс Африкадағы мемлекет. Солтүстікте Буркина-Фасо және Нигермен шекаралас, шығыста — Нигериямен, батыста — Тогомен. Астанасы — Порто-Ново, бірақ басшылық Котонуда орналасқан, Бениндегі ең ірі қала.

Бенин Республикасы
фр. République du Bénin
БайрақЕлтаңба
Ұран: «Fraternité, Justice, Travail
(Бауырмашылдық, Әділет, Еңбек)»
Әнұран: «L'Aube Nouvelle» (тыңдау )
Тарихы
Тәуелсіздік күні1 тамыз 1960 жыл (Франциядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдеріфранцуз тілі
ЕлордаПорто-Ново, Котону[i 1]
Ірі қалаларыКотону
Үкімет түріПрезиденттік республика
Президент
Ұлттық ассамблея
басшысы
Патрис Талон
Матри Адриен Хаугбеджи
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 101 орын
114 763 км²
0,4
Жұрты
• Сарап (2016)
• Санақ (2013)
Тығыздығы

10 872 298 адам (82-ші)
10 008 749[1] адам
94,8 адам/км² (120-шы)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

27,546 млрд.[2] $ (137-ші)
2,411[2] $ (163-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

10,546 млрд.[2] $ (141-ші)
923[2] $ (163-ші)
АДИ (2015) 0,485[3] (төмен) (167-ші)
Этнохоронимбениндіктер
ВалютасыФранк
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.bj
ISO кодыBJ
ХОК кодыBEN
Телефон коды+229
Уақыт белдеулері+1

2°11′00″ ш. б. / 8.83333° с. е. 2.18333° ш. б. / 8.83333; 2.18333 (G) (O) (Я)

Тарихы

Ежелде мемлекеттің солтүстік жағында гурма тайпасы өмір сүріпті, сосын оларды Нигерия елінен келген барба тайпасы ығыстырып жіберді. Мемлекеттің оңтүстік жағында фок және аджа тайпалары өмір сүріпті.

XV ғасырда Бенин жағалауында португалдар көрінді.

XVI—XVII ғасырларда француздық, голландық, ағылшын сатып алушылар мен саудагерлік қамалдар мен факториялар құрылды.

XVII ғасырда Бенин жағалауы және көршілес аудандар еуропалық құл сату орталығына айналды.

XVIII ғасырда Дагомея басшылары құл сатушылықпен жақсы айналысты, жыл сайын еуропалық саудагерлерге 20 мыңдай құл берілетін. XIX ғасырдың ортасына дейін, еуропалық елдерде құл сатушылық тоқтағанға дейін болды.

Демографиясы

Бениндегі соңғы халық санағы 2013 жылдың 11-25 мамырында жүргізілді. 2013 жылғы санақ бойынша ел халқының саны 9 983 884 адамды құрады.

Халық санының жыл сайынғы өсімі – 2,9% (фертильділік – бір әйелге 5,4 туу).

Орташа өмір сүру ұзақтығы 59 жасты құрайды.

Иммундық тапшылық вирусын (АИТВ) жұқтыру – 1,2% (2007 жылғы бағалау).

Этникалық құрамы: 60-тан астам халықтар, ең көп саны шығыс аналықтар, оларға фон халқы (шамамен 65%), дагомея, барба, сомба, йоруба, буса және т.б.

Тілдер: француз (ресми), фон және йоруба (негізінен елдің оңтүстігінде), елдің солтүстігіндегі әртүрлі тайпалық тілдер.

Діндері: христиандар 42,8%, мұсылмандар 24,4%, вуду 17,3%, басқалар 15,5% (2002 жылғы халық санағы). Христиандардың көпшілігі католиктер, басқа христиандық конфессиялар - баптистер, әдіскерлер, Құдай ассамблеялары және адвентистер.

15 жастан асқан халықтың сауаттылығы 34,7%, ерлер 48%, әйелдер 23% (2002 жылғы халық санағы бойынша).

Дереккөздер