Бейкер (тау)

Бейкер тауы Вашингтон штатының солтүстік Каскад жағында, шамамен алғанда,Белингэм тауының шығысынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан.Бұл Вашингтон штатындағы ең биік таулар қатарынан төртінші, Каскад тауларының арасынан алтыншы орынды иемденеді.Бейкер тауы - Каскад жанартаулары арасында Рейниер тауынан кейінгі мұз жамылып жатқан екінші тау. Бейкер тауының биіктігі - 3285 мБейкер тауында қардың көптігі соншалық, 1998-1999 жылдары 3 м көлемде жауған қардың деңгейі бойынша рекорд жасаған болатын.Бейкер тауы саяжайы Снокуалми Форест аймағында орналасқан. Онда адамның тіршілік етуі мумкін емес. Саяжайға ең жақын орналасқан қала - Вашингтон штатындағы Глейсиер қаласы.Бейкер тауындағы қар мен мұз көлемі Каскадтағы басқа жанартаулардағы қар мен мұз көлемінен асып түседі.Бейкер тауында жанартау белсенділігі 1975-1976жылдар аралығында байқалды.Ол әлі де атқылайды деген болжамдар бар.Бейкер тауының қауіптілігі - түрлі ағындар. Онда күд тас және су ағындары байқалған.Бейкер ағындары АҚШ-тың солтүстік-батысында орналасқан Сиэтл сияқты ірі қала тұрғындарының өмірін қиындатады. Сан-Хуан аралының айлақтарын қиратады. Бейкер тауы шаңғымен сырғанау және жаяу жүргіншілер саяхатына өте қолайлы болуымен әлемге әйгілі.Бейкер тауын үнемі мұз басып жатады.

Бейкер тауы

Дереккөз

1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.