Батпақшөп

Батпақшөп (лат. Limosella) – сабынкөктер тұқымдасына жататын жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Батпақшөп
Limosella aquatica
Limosella aquatica

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Гүлді өсімдіктер
Табы:Қос жарнақтылар
(unranked)Asterids
Сабы:Lamiales
Тұқымдасы:Scrophulariaceae
Тегі:Limosella
Карл Линней
түрлері

15 түрі белгілі


Қазақстанда далалық және таулы аймақтарда, жайылмалы шалғындарда өсетін 1 түрі – су Батпақшөп (L. aquatіca) бар. Биіктігі 2 – 11 см. Жіңішке жайылған көп бұтақтары болады. Жапырақтары ұзынша, шеті бүтін. Тостағанша жапырақтары қоңырау тәрізді, бес тісті. Күлтесі ақ немесе қызғылт түсті, бес қалақты. Аталығы төртеу, аналық мойны қысқа. Гүлдері ұсақ, бір-бірден жетіледі. Сәуірқыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – екі қақпалы қорапша. Тұқымы ұсақ, қоңыр түсті. [1]

Дереккөздер

Сілтеме

Батпақшөп