Балқытылған сыр

Балқытылған сырсырдың жұмсақ сорты. Өндіріс орындары бұл сырды XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап шығара бастады. Балқытылған сыр — сүт өнімдерінің сіңімді бір түрі. Оны табиғи сырдан, сары майдан және арнаулы балқытылатын сырлардан дайындайды. Кейбір балқытылған сырдың құрамына брынза, сүзбе, майсыз арнаулы сырлар және дәмдеуіштер (бұрыш, қызанақ, тмин) кіреді. Балқытылған сырдың құрамында қақталған балық, саңырауқұлақ көп кездеседі.[1]

Дереккөздер