Балеар аралдары
Балеар аралдары (ис. Islas Baleares; кат. Illes Balears) — Жерорта теңізінің батысындағы Пиреней түбегінен шығысқа қарай 200 км-дей жердегі аралдар тобы. Мальорка, Менорка аралдарынан және Питиус топаралынан тұрады. Бұл аралдар Испанияның Балеарес провинциясын құрайды. Ауданы 5 мың км². Халқы 690 мың адам (1997). Әкімшілік орталығы — Пальма қаласы. (Мальорка аралында).
Автономиялық қоғам | |||||
Балеар аралдары | |||||
Islas Baleares | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Енеді | Балеар аралдары провинциясы | ||||
Әкімшілік орталығы | |||||
Президент | Жауме Матас Палоу | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары | 39°30′ с. е. 3°00′ ш. б. / 39.500° с. е. 3.000° ш. б. (G) (O) (Я) 3°00′ ш. б. / 39.500° с. е. 3.000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Жер аумағы | 4992 км² | ||||
Уақыт белдеуі | GMT +1 | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны | 1,106,049 адам (2010)(11 орын) | ||||
Тығыздығы | 196,94 адам/км² | ||||
Ресми тілдері | |||||
Автомобиль коды | E | ||||
3°00′ ш. б. / 39.500° с. е. 3.000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Жер бедері үстіртті, аласа таулы келеді. Мальорка аралының солтүстік-батысын абс. биіктігі 1445 м тау жотасы алып жатыр. Менорка аралы үстіртті (абс. биіктігі 360 м). Климаты жерортатеңіздік. Жылдық жауын-шашын мөлшері 400 — 600 мм. Балеар аралдарында тікенді бұталар — маквис, гарига, орман ағаштары — тас емен, алепп қарағайы, тырбық пальма, т.б. өседі. Цитрус, зәйтүн, жүзімдіктерінен жақсы өнім алынады. Балеар аралдарында теңіз курорттары және халықаралық туризм орындары бар.[1]
Дереккөздер
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |